Тілешов Ербол Ердембекұлы (22 ақпан 1965 жыл, Қарағанды облысы) — қазақстандық жазушы және саясаткер, 2023 жылғы наурыздан бері Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы қызметінде.[1]
Ербол Ердембекұлы Тілешов | |||||
Лауазымы | |||||
---|---|---|---|---|---|
| |||||
27 наурыз 2023 жылдан бері | |||||
Премьер-Министр | Әлихан Смайылов Олжас Бектенов | ||||
Ізашары | Әділбек Қабаев | ||||
Министрі | Саясат Нұрбек | ||||
Өмірбаяны | |||||
Дүниеге келуі | 22 ақпан 1965 (59 жас) Қарағанды облысы, Қазақ КСР, КСРО[1] | ||||
Қызмет еткен жылдары | 1985–1987 | ||||
Әскер түрі | КСРО армиясы | ||||
Марапаттары | |||||
өңдеу |
Өмірбаяны
1972 жылы Алматы облысы Балқаш ауданы «Үлгілі» орта мектебіне 1-сыныпқа барып, 5–7 сыныптарды Қарағаш орта мектебінде, Бақанастағы 8 жылдық мектепте, 8–10 сыныптарды Талғар ауданындағы Октябрь орта мектебінде оқыған. 1982–1983 жылдары құрылыста жұмысшы. 1983–1985 жылдары Алматы зооветеринарлық институтының студенті, 1985–1987 жылдары әскер қатарында. 1987 жылы Қазақтың Абай атындағы педагогика университетіне түсіп, оны 1992 жылы бітірген.
Филология ғылымдарының кандидаты. «Суреткер және көркемдік әдіс» монографиясының, Ахмет Байтұрсынұлы, Мағжан Жұмабаев шығармашылығына, Алаш әдебиетіне қатысты мақалалардың авторы, «Алаш қайраткерлері» библиографиялык көрсеткіші және «Алаш және Әуезов» жинағының құрастырушысы. 1996-1999 жылдары ҚР Ұлттық ғылым академиясының дарынды жас ғалымдарға берілетін арнаулы стипендиясына ие болды.[2]
Еңбек жолы
1992 жылы Ақмола педагогикалық институты қазақ әдебиеті кафедрасының оқытушысы;
2003–2004 жылдары Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Гуманитарлық институты директорының орынбасары;
2004–2007 жылдары Мәдениет министрлігі Республикалық мемлекеттік тілді жеделдетіп оқыту орталығының директоры;
2007–2012 жылдары Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасы «Руханият» орталығының директоры;
2012–2015 жылдары Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасының басшысы;
2015–2018 жылдары – «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы» РМҚК директоры
2018–2022 жылдары «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы "Тіл-Қазына" ұлттық ғылыми-практикалық орталығы" КеАқ» директоры
2023 жылғы 27 наурызда Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы болып тағайындалды.[1]
Шығармашылығы
Негізгі еңбектері қазақ әдебиетінің тарихы мен теориясына, алаштану, тілтану, қазақ тілін үйрету әдістемесі тақырыбына арналған.
- «Көркемдік әдіс және суреткер» монографиясының,
- «Алаш туы астында»,
- «Қайнар» зерттеу жинақтарының,
- «Алаш қозғалысы» энциклопедиялық анықтамалығының (Д.Қамзабекұлымен бірге),
- «Алаштың ардағы» танымдық жинағының 200-ден астам ғылыми және ғылыми-әдістемелік мақалалардың авторы.
Қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру жөніндегі Ұлттық комиссияның мүшесі.
Марапаттары
Тілешовтің мемлекеттік марапаттары:
- Құрмет ордені;
- Қазақстан Республикасының Құрмет Грамотасы;
- Астанаға 10 жыл медалі;
- Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл медалі.
Дереккөздер
Wikiwand in your browser!
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.