From Wikipedia, the free encyclopedia
Берік Шаханұлы (17 мамыр, 1941 жыл, Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жайылма — 31 тамыз, 2020 жыл, Алматы) — қазақстандық жазушы, аудармашы. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты.
Берік Шаханұлы | |||||
Туған күні | |||||
---|---|---|---|---|---|
Туған жері | |||||
Қайтыс болған күні | |||||
Қайтыс болған жері | |||||
Азаматтығы | |||||
Ұлты |
Қазақ | ||||
Мансабы |
жазушы, Қазақстан Республикасы Жазушылар одағының екінші хатшысы, аудармашы | ||||
Жанры | |||||
Шығармалардың тілі |
қазақ тілі | ||||
Марапаттары |
| ||||
Сыйлықтары |
Халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының иегері |
ҚазҰУ-ды бітірген (1966). 1966-70 ж. Жамбыл облысында "Еңбек туы" газетінде, 1970-1973 жылдары "Лениншіл жас" (қазіргі "Жас Алаш") газетінде, 1973-89 жылдары "Жазушы" баспасында редактор, аға редактор, 1989-91 жылдары "Жұлдыз" журналында әдеби қызметкер, 1991-96 жылдары Қазақстан Жазушылар одағында аға референт болып қызмет атқарған. 2002 жылдан Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы төрағасының орынбасары.
Шаханұлының алғашқы әңгімелері "Ақ теке" 1962 жылы "Балдырған" журналында, "Менің ағаларым" 1963 жылы қазіргі "Жас Алаш" газетінде жарияланған. "Ғашықтың тілі" (1973), "Ақ иірім" (1979), "Қаратаудың самалы" (1984), "Ночь в горах" (орыс тілінде, 1987), "Көрген түстей дүние" (1989), "Құса" (1992) атты кітаптары жарық көрді. Шаханұлы Әзірбайжан жазушысы Анардың "Ақ жағалау" атты повесі мен әңгімелер жинағын, нивхы жазушысы В.Сангидің "Қайырлы маусым" романы мен бір топ әңгімелерін қазақ тіліне аударған. Республикасының құрмет Алтын кітабына есімі жазылған (1980).[1]
Ғашықтың тілі. Әңгімелер.1973; Ақ иірім. Әңгімелер мен повесть.1979; Қаратаудың самалы. Повестер мен әңгімелер. 1984; Ночь в горах.Повестер мен әңгімелер. 1987; Құса.Повестер мен әңгімелер.1991; Көрген түстей дүние. Әңгімелер. 1998.
Үйленген. Жұбайы - Базарбаева Дәріжан Төлеубайқызы (марқұм), өнертанушы. Қыздары - Сәуле (1964 жылы туған), Қарлығаш (1965 жылы туған); ұлдары - Бердібек (1969 жылы туған), Қазыбек (1973 жылы туған).
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.