Елізабет Англия патшасы VIII Генрих Тюдор мен Анна Болейннің қызы, 7 қыркүйекте1533 жылы Гринвичте патша сарайында туған. 1534 жылғы патшаның өсиеті бойынша тұқымында еркек кіндікті болмағандықтан Анна қайтыс болған жағдайда тақ мұрагері болып Елизавета тағайындалатыны көрсетіледі.
1536 жылы анасы Анна Болейнді мемлекеттік сатқындық және ерлі-зайыпты арасында опасыздық жасады деп тауып өлім жазасына кескеннен кейін, бұл құжат өзгертіліп, Елізабет VIII Генрихтің бірінші некеден туған қызы Мария сияқты некесіз туған бала болып жарияланады.
Аннаның өлімінен кейін ілі-шала VIII Генрих Джейн Сеймурға үйленеді, одан 1537 жылы ұлы Эдуард дүниеге келеді. 1544 жылы VIII Генрихтің өсиеті "егер Джейн Сеймур екеуінің некесінен туған ұлы Эдуард қайтыс болып және оның мұрагері болмаған жағдайда таққа отыру мұрагерлік құқығы бірінші Марияға және оның балаларына, одан кейін ғана Елізабетке және оның балаларына тиесілі" болып қайта өзгертіледі.
1551 жылы Эдуард Энфилдте тұрған Елізабет сарайға шақырады. Онда Эдуардқа бауыр басып кеткен Елізабетке 1553 жылы оның қайтыс болуы қатты соққы болып тиеді. Сол жылы Мария таққа отырады.
Таққа отыруы және орнығуы
1558 жылдың 17 қарашасындаІ Мария "Қанды Мария" қайтыс болғаннан кейін Елизавета таққа отырады. Кейін бұл күн протестантизмнің (XVI ғасырда католик дінінен бөлінген христиан дінінің бір ағымы) триумфы және " ұлттың тұған күні" ретінде18 ғасырға дейін созылған ұлттық мереке болды.
Тәж кию рәсімі 1559 жылы 15 қаңтарда Вестминстірлік аббаттықта (католиктер монастыры) өтті.
1559 жылы Англикандық шіркеуді мемлекеттік етіп, өзін оның басшысы етіп жариялайды.
Елизаветаның тұсында англикандық нанымның жаңа рәмізі - "39 тармақ" жетілдірілді.
1559 жылы Елизавета Франциямен арасымен татулық орнатады, Англияның халықаралық қарыздарын төлейді және тұрақты ақшалай бағам құрады. Бұл саясат шіркеу мен еркіндіктіің бағамын арзандатуды талап еткен католиктердің де, пуритандардың да (Англиядағы 16-17 ғасырлардағы діни-саяси қозғалысшылар) наразылығын тудырады. Сонымен қатар бұл саясатқа қарсы солтүстік графство (Англиядағы әкімшілік бірлік) көтеріліске шықты, испандық король Филипп ІІ және Еуропаның католиктік күштері қатысқан бірқатар сойқандық істер туындайды. 1570 жылы Рим папасы Пий V Елизаветаны шіркеуден аластатып, басшылықтан түсіреді, оған жауап ретінде Елизавета котоликтерді қуғындауды күшейтеді.
Елизаветаның халықаралық саясаты протестантизмнің мүддесін сақтап қалды; ол француздық гугеноттарға (XVI ғасырдағы француздардың протестанттар тобы) көмектесті және І Мария басқарған кезде жоғалтып алған Калені қайтарып алу мақсатында 1562-1564 жылдары Франциямен соғыс жүргізеді.
Испандық патша ІІ Филипп некелесуге жасаған ұсынысын қабыл алмай, Елизавета 1588 жылы испандық үстемдікке қарсы көтерілген Нидерландқа көмек көрсетеді. Мария Стюарттың өлімінен кейін 1588 жылы Филипп Англияға қарсы "Жеңімпаз Армаданы" (соғыс кемелерінің үлкен құрамалары) жібереді. Олар Ла-Маншта ағылшын флотынан жойқын жеңіліске ұшырайды. Елизаветаның әскерлер алдында, қауіп-қатер кезінде "олармен бірге майдан ортасында", ұрыста қаза табуға ант беруі, оның даңқын асқақтатты.
Армаданы жеңу оған "тенізді билеуші" деген жаңа атақ әкелді және Еуропаның барлық протестанттық күштерінің көшбасшысы болды, Англияның халықаралық жағдайын нығайтты.
Елизавета Англияның қарқынды сауда жасауға және отаршылдығын кеңейтуге мүмкіндік жасады. Ол жеке өзі Хокинс (Гаукинс), Дрейк және т.б. қарақшыларға қолдаушылық көрсетті.
Елизаветаның тұсында Ирландияны жүйелі түрде жаулап алып тұрды.
Ішкі саясатты басқаруы
Елдің ішкі саясатында Елизавета орталық әкімшілікті күшейтті, қаржыны ретке келтірді, флотты көбейтті, саудаға қолдаушылық көрсетті. Оның қолдауымен Москвалық бірлестіктер орыс нарығында нығайды, Эстляндық - Балтикада. Берберилік (Африкандық) - Африкада, Левантилік - Таяу Шығыста, Күншығыс Үнді - Үндістанда; Солтүстік Америкада алғашқы ағылшындық отаршылдық құрылды; Роанок және Виргиния аралдарында пайда болған алғашқы елді-мекендер Елизаветаның құрметіне аталды.
1566 жылы Лондонда алғашқы биржа ашылды; парламенттекөпестер өкілдерінің саны көбейді. Сол жылдары қаңғыбастар мен қайыршыларға қарсы қатал заң шығарылды.
Елизавета өзінің парламентпен кеңесуге лайық екендігін дәлелдей отыра депутаттарға тақ мұрагерлігі, шіркеу құрылымы және қаржы мәселелері өзінің айрықша құзырында екендігін түсіндіріп, олар туралы мәселе көтеруге тыйым салады.
Елизавета тұсында парламент негізінен тек салыққа дауыс беру үшін шақырылды, басқа уақыттарда жеке өзі ғана басқаруға тырысты.
Елизаветаның мұрагерінің болмауы өзін де, құзырындағыларды да қапаландырады. Дәрігерлер кесімі бойынша Елизавета бала көтере алмайтынын білген еді. Сондықтан ол өзіне сөз салған тәжді де, тәжсіздердің де барлығынан бас тартады. Парламенттің өзіңе жар таңда деген ұсынысына "менің жарым - Англия, құзырымдағылар - балаларым" деп жауап қайтарады.
Алайда оны, әдемілігімен белгілі болған граф Крутене Девоншир қызықтырады, бірақ ол кезде Англияны басқарған Мария Кровавая да Крутенеге ғашық болғандықтан Елизавета онымен қарым-қатынасын үзеді.
Тауэрдегерцог Нортамберлендтің ұлы Роберт Додлейді ұнатады. Кейін ол Елизаветаның сарай маңындағы ақсүйектерінің бірі болады. Елизавета корольдік кеңесші Сесильді - "ақылым" деп санаса, Роберт Додлейді -" жүрегім" деп санады. Оған көп жомарттық көрсетеді, жер иелігін және граф Лейчестердің лауазымын береді. Лейчестер корольдік тәжден үміттеніп, Елизаветамен некелесу мақсатымен бірінші және екінші әйелдерін уландырып өлтіреді. Осының барлығын білсе де Елизавета Лейчестерге мойынұсынып, қылмыстарына көз жұма қарайды. Нидерландтағысоғыстаармияғақолбасшы болған Лейчестер ағылшын армиясын құртып келсе де Елизавета оны сарайдың министрі етеді, кейін генерал-лейтенат атағын береді. Бірақ оның барлық талабын орындасада Елизавета тақты және ағылшын тәжін онымен бөліспеді, ол жағына берік болды.
45 жылдық билігінде басқада көптеген фавориттері (латын.т. аударғанда ықыластылықтары) болады. Сол фавориттерінің ішінде Англия тарихына жарық із қалдырған граф Лейчестер мен оның өгей ұлы Роберт Эссекс болды.
Елизавета Мария Стюарттың ұлы Яков І-шіні өзінің ізбасары етіп тағайындайды.