Әлия Сәрсенқызы Бейсенова (25 наурыз 1932 жылы Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Жаңаарқа кентінде туған) — қазақстандық ғалым, География ғылымының докторы, профессор. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының иегері. Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі. Қазақстан Білім Беру ісінің Құрметті Қызыметкері. «Ы.Алтынсарин» атындағы төсбелгінің иегері. Ш.Уалиханов атындағы сыйлықтың лауреаты. Қазақ КСР Еңбек сіңірген мұғалімі. Қазақстанның физикалық географиясы, экологиясы, дүниежүзінің экономикалық және әлеуметтік географиясы бойынша жалпы білім беретін мектептер мен жоғары оқу орындарына арналған оқулықтар мен оқу әдістемелік құралдардың, монографиялардың т.б ғылыми зерттеу еңбектерінің, ғылыми мақалалардың авторы.
Quick Facts Туған күні, Туған жері ...
Close
Әлия Сәрсенқызы Бейсенова 25 наурыз, 1932 жылы Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданындағы Көнек деген жерде (кейін К.Маркс атындағы колхоз болған) дүниеге келген.
1940-1949 жж. - Алматыдағы № 12 қазақ орта мектебінде оқыған.
1949-1950 жылдары отбасы жағдайымен Қызылордаға ауысып, М.Мәметова атындағы қыздар педагогикалық училищесін қызыл дипломмен бітірген.
1950-1954 жылдары Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің (бұрынғы Абай атындағы педагогикалық институты) ның география факультетінде оқыған. Институтты қызыл дипломмен бітірген.
- 1950-1954 жылдары Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің (бұрынғы Абай атындағы педагогикалық институты) ның география факультетінде оқыған. Институтты қызыл дипломмен бітірген.
- 1960-1963 жылдары Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтында география мамандығы бойынша аспирантурада оқиды.[1]
- 1954-195 жылдары Қазақтың мемлекеттік баспасында (қазіргі "Қазақстан" баспасы) редактор болып істеді.
- 1959 – 1960 жылдары сол баспаның қасынан ұйымдасқан "Қазақ календары" редакциясына аға редактор болып ауысады.
- 1963-1965 жылдары Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің (бұрынғы Абай атындағы педагогикалық институты) сол институттың физикалық география кафедрасының ассистенті.
- 1965-1968 жылдары Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің (бұрынғы Абай атындағы педагогикалық институты) сол институттың физикалық география кафедрасының аға оқытушысы.
- 1981 жылы ҚазПИ-дің физикалық география кафедрасының меңгерушісі болып сайланды.
- 1986 ж. - Ә.С.Бейсенованың ұсынысымен ҚазПИ-дің, физикалық география кафедрасыньң жанынан "Ландшафттар экологиясы және табиғатты қорғау" атты лаборатория ұйымдастырылды оны осы биобиблиографияның авторы өзі баскарды.
- 1989 ж. - Ә.С.Бейсенованың ұсынысы және тікелей қатысуымен ҚазПИ-дің жаратылыстану-география фақультетінің құрамында экология бөлімі ашылды.
- 1991 жылы Ә.С.Бейсенованың ұсынысы және тікелей қатысуымен ҚазПИ-де география жөне экология факультеті ұйымдасты.
- 1991-1999 жылдары География және экология факультетінің деканы болып сайланып, жұмыс істеді.
- «Қазақстан географиясы және экология» кафедрасының меңгерушісі болып сайланды.
- 1970-1980 жылдары Қазақ Энциклопедиясының жанында география мамандығы бойынша қүрылған редакциялық кеңестің мүшесі.
- 1971 жылы Ғылым тарихы жөніндегі Мәскеу қаласында өткен ХІІІ халықаралық кеңестің жүмысына қатысады.
- 1980 жылы Фрунзе (қазіргі Бішкек) қаласында өткен СССР географиялық қоғамының VII съезіне қатысады.
- 1985 жылы Киев қаласында өткен СССР географиялық қоғамының VIII съезіне қатысты.Географиялық қоғамның тексеру комиссиясының мүшесі болып сайланды.
- 1990 жылы Қазан қаласында өткен СССР географиялық қоғамының IX съезіне қатысты.
- 1994 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының корреспондент мүшесі болып сайланды.
- 1995 жылы Қазақстанның "Экология" халық академиясының академигі болып сайланды.
- 1996 жылы Қазақстан жоғары мектебі ғылым академиясының академигі болып сайланды.
- 1998 ж. - Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссия мүшесі.
- 1967 жылы 27 маусымда Мәскеуде СССР Ғылым академиясының Жаратылыстану мен техника тарихы институтында "Қазақстан территориясының физикалық-географиялық тұрғыда зерттелуі (1917-1941 жылдар)" деген тақырыпта география ғылымының кандидаты ғылыми атағын алу үшін диссертация қорғайды. Диссертацияны Жоғарғы аттестациялық комиссия 1968 жылы 8-мамырда бекіткен.
- 1970 жылы КСРО Министрлер кеңесінің жанындағы Жоғарғы аттестациялық комиссияның шешімімен (протокол № 13/11, 13-наурызда) доцент ғылыми атағы берілді.
- 1979 жылы "Қазақстан табиғатын зерттеу" атты монографиясы жарық көрді.
- 1984 ж. - маусым айында Баку қаласында Әзірбайжан Ғылым академиясының география институтында "Қазақстан табиғатын зерттеу және физикалық-географиялық идеялардың дамуы (көне дәуірден 1917 жылға дейін)" деген тақырыпта география ғылымының докторы ғылыми атағын алу үшін диссертация қорғады. Диссертацияны Жоғарғы аттестациялық комиссия сол жылдың 28-желтоқсанында (протокол № 51 д/29) бекітті.
1985 ж. - Жоғарғы аттестациялық комиссия профессор ғылыми атағын берді (протокол № 25 пк/д. 19-шідде).
- 1987 жылы "Табиғатты алғашқы ашушылар" атты зерттеу еңбегі жарық көрді.
- 1990 жылы "Қазақстан табиғатын зерттеу және физикалық-географиялық идеялардың дамуы" атты зерттеуі жеке кітап болып басылды.
- 1994 жылы "Қазақстанның физикалық географиясы" атты орта мектептің VIII сыныбына арналған оқулығы (К.Кәрпеков, М.Қалиев, Н.Молдағүловпен бірге) жарық көрді.
- 1999 жылы "Атамұра" баспасы "Экология" атты оқулығын жариялады (Ж.Шілдебаевпен бірге).
- 2000 жылы Мәскеуде "Дизайн" баспасынан "Қазақстанның географиялық Атласы" үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) жарық көрді.
- 2000 жылы "Қазақстанның физикалық географиясы" атты жаңа оқулық (орта мектептің VIII сыныбына арналған) бастырды. (К.Кәрпековпен бірге), оқулық қазақ, орыс, ұйғыр тілдерінде шықты.
- 2000 жылы "Материктер мен мүхитгардьщ географиясы" атты орта мектептің VII сыныбына арналған оқулығы (С.Әбілмәжінова, К.Қаймулдиновамен бірге) қазақ, орыс, ұйғыр тілдерінде басылды.
- 2000 жылы "Экологиялық білім мен тәрбие беру" атты кітабы (Ж.Шілдебаевпен бірге) жарық көрді.
2001 ж. - "Қазақстандағы географиялық зерттеулердің тарихи негіздері" атты монографиясы жарық көрді.
Қазақстандағы тұңғыш эколог-географ мамандар даярланды. Бейсенова 350-ден астам ғыл. еңбектің, оның ішінде 20 монография, геогр. атлас пен оқулықтардың авторы.
- 1967 жылы «География ғылымдарының канидаты» атағы;
- 1970 жылы доцент;
- 1984 жылы «География ғылымдарының докторы» құрметті ғылыми атағы;
- 1985 жылы профессор (атағы);
- 1995 жылы Қазақстанның "Экология" халық академиясының академигі.
- 1996 жылы Қазақстан жоғары мектебі ғылым академиясының академигі.
- 2003 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі.
- Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің «Құрмет» Грамотасымен марапатталған.
- 1980 жылы "Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері" атағы берілді.
- 1983 жылы «КСРО жоғары білім саласындағы үздік табыстары үшін" медалімен марапатталды.
- 1987 жылы Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының жарлығымен, "Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген жоғарғы мектеп қызметкері" құрметті атағы берілді;
- 1987 жылы КСРОның «Еңбек ардагері» медалі;
- 1988 жылы «Ы.Алтынсарин» атындағы төсбелгінің иегері;
- 1996 жылы президент жарлығымен «Құрмет ордені» мен мараптталды.
- 2001 жылы "Қазақстандағы географиялық зерттеулердің тарихи негіздері" монографиясы үшін Қазақстан Білім және ғылым министрлігінің шешімімен Ш.Ш.Уәлиханов атындағы сыйлығы берілді.
- 2001 жылы «Қазақстан тәуелсіздігіне 10 жыл» мемлекеттік медалі;
- 2006 жылы АҚШ Библиография институтының шешімі бойынша «2006 жылғы жыл әйелі» атағымен және медалімен марапатталды.
- 2006 жылы Шымкент қаласының Құрметті азаматы (атағы);
- 2007 жылыдың 30 наурызында ҚР тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жеке қабылдауында болып, қазақ ғылымына сіңірген айрықша еңбектері үшін еліміздің жоғарғы наградасы «Парасат ордені» мен марапаттады.
- 2007 жылы «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды.
- 2007 жылы Созақ ауданының Құрметті азаматы (атағы);
- 2008 жылы «Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау министрлігіне 20 жыл» медалі;
- 2008 жылы «Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университетіне 80-жыл» медалі;
- 2008 жылы «ҚР қоршаған ортаны қорғау министрлігіне 20 жыл» медалі;
- 2010 жылы Қазақтың Абай атындағы Ұлттық педагогикалық университетінің ғылыми кеңесінің шешімімен «Университеттің үздік профессоры» атағын алды.
- 2011 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы кезіндегі азаматтық белсенділігі үшін Алматы қаласының әкімі «Алғыс хат» тапсырды.
- 2013 жылы Тәуелсіздік күні мейрамы қңында Елбасымыз Ә.Бейсенова бастаған бір топ географ-ғалымдарға «Қазақстан Республикасының атластық картографиялау саласындағы ғылыми жұмыстар топтамасы» үшін Қазақстанның мемлекеттік сыйлығын табыстады.
- 2014 жылы президент жарлығымен «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағының иегері атанды.
Тұрмыс құрған.
- Жұбайы - Серік Смайылұлы Қирабаев, ҚР ҰҒА академигі, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының иегері. Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері. «Отан» Орденінің иегері.
- Ұлдары - Қирабаев Нұр, философия ғылымдарының докторы, профессор;
- Қирабаев Әлім, ҚР СІМ Америка департаменті директорының орынбасары.
Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2