From Wikipedia, the free encyclopedia
Құндыз[2] (лат. Castor fiber) — кеміргіштер отрядының терісі бағалы аң. Тіршілігінің көбі суда өтетіндіктен дене пішіні соған бейімделген. Денесі ұршықша жұмырланып келген, басы біршама кішілеу, мойны айқын байқалмайды; түксіз жалпақтау келген денесінің артқы бөлігі ескектәрізді құйрыққа жалғасады. Аяқтары қысқа. Артқы аяқтарының башайлары арасы жүзу жарғағымен көмкерілген. Тырнағы өткір, артқы аяғының екінші башайы айыр сияқты (жүнін қасу үшін қажет). Жүні тығыз, су өтпейді, қара қоңыр не қара. Құндыз Еуропа, Азия және Солтүстік Америкада таралған. Қазақстанда Жайық, Сырдария, Іле, Шу өзендерінде, Бұқтырма бөгенінде кездеседі. 19 ғасырдың соңында құндызды есепсіз аулау Қазақстанда оның жойылу қаупіне әкеліп соқтырды. Тек 1963 жылы құндызды көршілес Ресейдің Орынбор облысынан Батыс Қазақстан облысының аумағына келе бастады. Жайық өзенінің бойындағы көлдерге кең тарап, саны көбейді. Олар Ақтөбе облысының Тентекқара, Үлкен және Кіші Қобда өзендеріне де қоныс аударды. Олар көбінесе тұщы суларды мекендейді. Құндыз аузы су астында болатын, түбі су деңгейінен жоғары, биіктігі 2,5 м, ұзындығы 12 м күрке жасайды. Жыныстық жағынан 2,5 – 3 жаста жетіледі. Қаңтар – ақпан айларында ұйығып, бір айдан соң кұнайлары (3 – 5) дүниеге келеді. Олар тез өседі. Құндыз шөп, үйеңкі, терек, қайың, қамыс жапырағын жейді, балық, су тышқаны, су құстары, моллюскалармен қоректенеді. Құндыз – терісі бағалы аң. Құндыздан парфюмерияда қолданылатын «құндыз жұпары» алынады (жүнінің жоғарғы кабатының астында жұпар иіс шығаратын қылшықтары болады.[4]
Құндыз | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Амандық күйі | ||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||
Castor fiber Линней, 1758 | ||||||||||||||
Құндыздың 2 түрінің ареалы. Еуропадағы қызыл аймақтар американ құндызының жерсінген жерлерін білдіреді.
| ||||||||||||||
Түршелері | ||||||||||||||
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.