Терек (лат. Populus) – талдар тұқымдасына жататын жапырақ тастайтын ағаштардың тегі.

Quick Facts Терек, Ғылыми топтастыруы ...
Терек
Thumb
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
Бөлімі: Гүлді өсімдіктер
Табы: Қос жарнақтылар
Сабы: Malpighiales
Тұқымдасы: Талдар
Тайпасы: Saliceae
Тегі: Populus
Карл Линней
Үлгілік түрі
Көктерек|Populus tremula
түрлері

115 түрі белгілі

Close
Thumb

Таралуы

Қазақстанның барлық аймағында кездеседі. Өзен жайылмасында, далалық жерлерде, тау етегінде, бұта арасында өсетін 15 түрі (ақ терек, көктерек, қара терек, бәйтерек, тораңғы, т.б.) бар. Бұтақ шоғыры пирамида пішіндес. Жапырағы жалпақ, сағақты келген, ромбыға не қандауырға ұқсайды. Гүлі қос үйлі, гүл сырғасы (ұзындығы 3 – 15 см), салбырап ілініп тұрады, онда аталығы не аналығы ғана болады, жел арқылы тозаңданады. Негізінен, жапырағы шыққанша гүлдейді. Тұқымынан және атпа тамырынан, шыбығынан көбейтіледі. Гүлінде шырынды дискісі (тор) болады. 150 жылдай тіршілік етеді. Жемісі – қорапша, тұқымы ұсақ. Терек әсемдік өсімдік ретінде өсіріледі. Қазақстанда берікқара терегі мен тораңғы – өте сирек кездесетін өсімдіктер қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.

Ағаш туралы

Терек - тез өсетін ағаш, биіктігі 45 метрге дейін барады. Көбінесе 60-80 жыл, тек кейбір түрлері 120-150 жыл өмір сүреді. Табиғатта 110-ға жуық түрі бар. Будандастыру арқылы теректің тез өсетін көп түрлері алынған. Тез өсетін қасиетіне байланысты көгалдандыруда кеңінен қолданылады. Аналық терек мамыр-маусым айларында мамық шығарып, жер-көкті ластайды, әрі терек мамығына аллергиясы бар адамдарға қиындық туғызады. Сондықтан көгалдандыруда мамық шығармайтын аталық теректерді пайдаланған жөн. Ерте көктемде жапырағы шықпай тұрып, сырға секілді ақ гүл жарады. Жапырағы - жұмыртқа пішіндес, жиектері аратісті.

Қолданылуы

Терек ағашын құрылыста, жиһаз жасауда пайдаланады. Қағаз, сіріңке жасау өндірісінде терек ағашының діңі жұмсақтау, ақшыл түсті түрлері қолданылады. Көгалдандыруда көше бойларына, жол жиектеріне көбірек отырғызылады. Оны тез өсетіндігіне байланысты тұрмыстық мақсатта, отын үшін өсіреді.

Күтімі

Құнарлы топырақта, күн көзінде жақсы өседі. Жазда аптасына бір рет мол суғару керек. Көктем, күз мезгілдерінде көңмен қоректендірген жөн.

Көбейтілуі

Күз кезінде қалемшелеу жолымен оңай көбейтіледі[1].

Терек туралы тақпақ

Теректер биік өседі, Алатұғындай Ай ұстап. Діңдері жұмсақ бірақ та Сондықтан аздап майысқақ. Жел соққанда ән айтар Жапырақтары “дауыстап”. Дауыл тұрса тербеліп Теректің белі қайыспақ.

Сілтемелер

Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Wikiwand in your browser!

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.

Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.