From Wikipedia, the free encyclopedia
Тораңғы (лат. Populus section Turanga) – талдар тұқымдасының (лат. Salixacede) теректер (лат. Populus) туысына жататын ағаш[1]. Қазақстан аумағында тораңғы ағашының 3 түрі өседі. Оның бірінші түрі – қара тораңғы (лат. Populus diversiolia), ал екінші түрі – ақ тораңғы (лат. Populus pruinosа) деп аталады. Бұлардан басқа Литвинов тораңғысы да өседі (Винтерголлер, 1976).
Тораңғы | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Гоби шөлінде қара тораңғы
| ||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||
|
Кейбір системалық жүйелерде өзінше бөлек туыс деп есептеледі. Шөлді Арал аймағынан Балқаш-Алакөл ойысына дейінгі аралықта бұрынғы өзен арналарында, озен жағаларында құмды массивтердің арасындағы егістіктерде, тіпті, кейде тақырға ұқсас сортаң жерлерде кездеседі. Бұл теңдесі жоқ жуан діңді және шашыраңқы жарты шар тәрізді әдемі ағаш. Ұзын жолақты қабығы сарғыш-сұр, тереңде, ұзын сызатта жіңішке. Түрге тән белгілі жас өркендер мен қысқа бұтақтардағы жапырақ пішіні болып табылад, түрдің атауы да осыған байланысты берілген. Жас өркендердегі жапырақтар қысқа сағақты, сопақша қияқ тәрізді үшкір тақталы, тақта ұзындығы 7 см-дейін. Бұтақтағы жапырақтар ұзын бүйірі қысыңқы сағақты, ұзынжығы бірдей, дөңгелек тақталы, жиегі теріс немесе иілген тісті. Тораңғы басқа теректер сияқты екі үйлі ағаш, желдің көмегімен тозаңданады. Аталық масақтар қысқа, тығыз, жуан ұзынждығы 2,5 см және жуандығы 0,5 см, гүлдер сагны көп қою қошқыл түсті тозаңқаптары бар. Жеміс беретін сырғалар аталықтарынан екі есе ұзын. Гүлдеу мерзімінің басында олар тік немесе жоғары қарай қиғаш, кейін доға тәрізді төменге иіледі. Жемістері - барынша үлкен, ұзындығы 1 см шамасында қауашақтар бөтелке тәрізді, үстіңгі беті тегіс немесе қыртыстанған. Олар екі жақты ашылады. Тұқым саны көп, ұсақ, жұқа жібек тәрізді түктер шоғының көмегімен желмен тез таралады. Тораңғы, шөлдің ландшафттардың жандандыратын, безендіретін тамаша ағаш. Ерекше сән беретін мықты кәрі ағаш. Биіктігі 30 метрге дейін, діңінің диаметрі 2 метр, өкінішке орай табиғатта мұндай ағаш өте аз.[2]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.