From Wikipedia, the free encyclopedia
Қасиетті Рим империясы (1512 жылдан бастап — Герман ұлтының Қасиетті Рим империясы; лат. Sacrum Imperium Romanum Nationis Germanicae немесе лат. Sacrum Imperium Romanum Nationis Teutonicae, нем. Heiliges Römisches Reich Deutscher Nation) — 962 жылдан 1806 жылға дейін Орталық және Батыс Еуропаның аймақтарын біріктірген мемлекеттік құрылым. Империя 1806 жылы Наполеондық соғыстар нәтижесінде жойылды.
Қасиетті Рим империясы нем. Heiliges Römisches Reich | |||||||||
| |||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
| |||||||||
Ұраны Құдай император Францты сақтасын(1797—1806) | |||||||||
Астанасы | Бірыңғай / негізгі елорда жоқ | ||||||||
Тіл(дер)і | Неміс тілі және Латын тілі | ||||||||
Діні | Католицизм(800–1806) Лютеранизм(1555–1806) Кальвинизм(1648–1806) | ||||||||
Ақша бірлігі | Талер,Гульден,Грош,Рейхсталер | ||||||||
Басқару формасы | Конфедерация элективті монархия | ||||||||
Династиясы | 14 әулеттер | ||||||||
Император | |||||||||
- 800–814 | Ұлы Карл | ||||||||
- 962–973 | I Оттон (бірінші) | ||||||||
- 1792–1806 | II Франц (соңғы) | ||||||||
Империяның өркендеу кезінде оның құрамына Германия, солтүстік және орталық Италия, Чехия, Төменгі Жерлер (қазіргі Голландия), Францияның кейбір аймақтары кіретін. 1134 жылдан бастап Қасиетті Рим империя формальді түрде үш патшалықтан тұрған: Германия, Италия және Бургундия патшалығы. 1135 жылдан бастап империя құрамына Чехия патшалығы енді. Оның империя құрамындағы статусы толығымен 1212 жылы ғана реттелген.
Империя 962 жылы І Ұлы Оттонмен құрылған. Бұл империя тарихшылармен антикалық Рим империясының және Ұлы Карлдың франкия империясының жалғасы деп қарастырылады.
Қасиетті Рим империясының тұңғыш билеушісі Ұлы Оттон І imperator Romanorum et Francorum (лат. "римдіктер мен франктердің императоры") лауазымын қолданған. 962 жылы пайда болған Қасиетті Рим империясы Рим және Франк империяларының мирасқоры атануына үміткер болып, христиандық Еуропаны біріктіруші күшке айналуды көздеді. Германия империяның орталығы болғанымен, Рим оның ритуалды (киелі) астанасы ретінде саналатын. XVI ғасырға дейін императорлардың тәж кигізу рәсімі осы қалада өткізілген. "Рим императоры" лауазымын алғаш рет Оттон ІІ қолданған. "Рим империясы" терминін жазба деректерде 1034 жылдан бастап кездестіреміз. Герман корольдерінің "император" лауазымын қолдануы Византияның наразылығын тудыратын.
1512 жылы император Максимилиан І өзінің рейхстагқа үндеуінде алғаш рет "Қасиетті Рим империясы" атауын қолданды (нем. Heiliges Römisches Reich Deutscher Nation).
XVIII ғасырдың ортасына қарай империя өзінің Италиядағы ықпалынан айырылды. Сепаратисттік үрдістер Германияны жартылай тәуелсіз мемлекеттік бірлестіктердің конгломератына айналдырды. Өзінің соңғы құжаттарында мемлекет "Герман империясы" (нем. Deutsches Reich) атауын қолданған.
XIX ғасырда Герман және Австрия империяларының құрылуынан кейін Қасиетті Рим империясы үшін "Ескі империя" немесе "Бірінші рейх" терминдері қолдана бастады.
Қасиетті Рим империясындағы конституциялық-құқықтық құрылымның қалыптасуына негіз болған басты нормативтік актілер:
Каролингтер:
Гвидонидтер:
Каролингтер:
Бозонидтер:
Фриулилік әулет
Саксондық әулет:
Салиялық әулет:
Супплинбург әулеті:
Штауфендер:
Вельфтер:
Штауфендер:
Люксембург әулеті:
Виттельсбахтар:
Люксембург әулеті:
Габсбургтер:
Виттельбахтар:
Лотарингиялық Габсбургтер:
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.