Remove ads
From Wikipedia, the free encyclopedia
I Ұлы Оттон 912 жылы Саксонияға қарасты Валлхаузен деген жерде дүниеге келген. Ол Саксония герцогы (936 - 961 жж), Германия патшасы (936 ж), Италияның патшасы (961 ж), Қасиетті Рим империясының императоры (962 ж) болған. Герман мемлекетінің тағына отырған кезде Оттон 24 жаста болатын. Ол іскер адам еді. Өмірінің көп бөлігін үнемі жорықта жүрумен өткізгендіктен, ел оны «көшпенді патша» атап кеткен Билікке келгеннен бастап Оттон Германияның Лотарингия Бавария және Франкония аймақтарындағы герцогтер бастаған бүлікшілермен күресте жеңіске жетіп, өзіне қарасты аймақтарға өз отбасының адамдарын отырғызды. Ол венгерлермен, славяндармен арадағы соғыста үлкен табысқа жетті. Солтүстік Италияға екі рет жорық жасады. Екінші жорығында Ломбардия патшасын жеңіп, өзін сол жердің патшасы деп жариялады. Сөйтіп, Рим папасынан император тәжін алды. Осылайша, Оттон үш рет тәж киді. Оның алғашқысы - Аахенде киген күміс тәж, екіншісі - ломбардтық темір тәж, ал үшіншісі - Римде киген императорлық алтын тәж. Деректерге қарағанда, Оттон діндар, жомарт, орнымен қатал көбіне көңілді жүретің аз ұйықтап, көп еңбек етенетін алғыр да зерек патша, шебер саясаткер болған. Ол үнемі ұлттық киім киіп жүрген, езге елдің киімін ешқашан кимеген. Оттон Галледен 40 шақырым жердегі Мемлебенде 973 жылы 7 мамырда қайтыс болды.
Ұ 46 Ұлы императорлар. – Алматы: “Aруна” баспасы. – 208 бет. – Сер.: “1100 қызықты деректер”. ISBN 978-9965-26-591-4
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.