Бұл мақаладағы кейбір мәлімет ескірген. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті мәліметті енгізіп Қазақша Уикипедияға үлесіңізді қосыңыз. Мәліметті жаңартқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
2024-жылдың қазанның 1 күніне сәйкес Қазақша Уикипедияда 237 575 мақала бар. 159 995 қатысушы тіркелген, олардың 246 соңғы 30 күнде әлдебір іс-әрекет жасаған, ал 15 қатысушы администратор қызметін атқарады. Жалпы өңдеу саны - 3 380 420. Тереңдігі (бүгін): 15.2
Қазақша Уикипедия мақалалар саны жағынан 49-орында (1.10.2024 көрсеткіш)[4], алайда өңдеу саны жағынан әзірше 67-орында тұр (14.02.2022 көрсеткіш)[5].
Қазақша Уикипедия 1000 сөйлеушіге (қазақ тілінде) шаққандағы мақала саны бойынша (мың адамға 37.2-ден) 50-орында тұр (31 наурыз 2015. көрсеткіш)[6].
Сапалық
Мақаларға көп өңдемелер жасау жағынан бір мақалаға шаққанда 12.9 өңдемеден келіп 117-орында тұр (14.02.2022 көрсеткіш)[7].
Айына орта есеппен қазақша Уикипедияның беттері 26.83 млн рет қаралады (күніне 894 мың, сағатына 37 мың, минутына 621, секундына 10)[10].
2022 жылдың қаңтар айында қазақша Уикипедия беттері 23 млн рет қаралған (күніне 741 мың, сағатына 30 мың, минутына 515 секундына 8,5).[11]
2022 жылдың қазан айында Қазақша Уикипедия беттері ең көп каралған (48.3 млн)[12].
2022 жылдың қазан айында Қазақстан бойынша барлық Уикипедия бөлімдерін 98 миллион рет қараған[13]. Бұл дегеніміз Қазақша Уикипедия бөлімі Қазақстан бойынша Уикипедия бөлімдерін қарау бойынша 50% үлеске жақын.
Барлық Уикипедия бөлімдерінің арасында келушілер саны бойынша Қазақша Уикипедия 37-орында тұр (2016 жылдың қазанындағы көрсеткіш).[14]
Ағылшын тіліндегі 2001 жылдың қаңтар айынан бастап жұмыс істеуде. Қазақ тілді Уикипедия 2002 жылы пайда болды, бірақ оған алғашқы мақалаларды жазу 2005 жылдың сәуір айынан басталған болатын.
2011 жылдың 16 маусым күні Алматы қаласында Қазақша Уикипедиясының дамуына арналған баспасөз мәслихаты өтті. “Wikibilim” қоғамдық қорының басшысы Рауан Кенжеханұлы — "қазақ тіліндегі мақалалардың саны 16 желтоқсанға дейін 200 000 жетеді" — деді.
Тамыз айында белсенді редакторлар саны 232-ге дейін, ал мақала саны 70 000 жетті. "Мұндай қарқынды даму ешбір уики-қауымдастық тарихында болмаған" - деді Джимми Уейлс. Аталған көрсеткіштерге қол жеткізгені үшін және Уикипедия жобасын халық арасында жүргізгін насихат жұмысы үшін "WikiBilim" қоғамдық қорының құрылтайшысы Рауан Кенжеханұлы Әлемнің жыл уикипедияшысы (Global Wikipedian of the Year) деп танылды. Ал "WikiBilim" қоғамдық қорына Джимми Уейлстің түркі тілді Уикипедиялардың конференциясын ұйымдастыру үшін арнайы гранты табыс етілетіндігі жарияланды.
Мақалалар саны жағынан түркі тілдес Уикипедиялардың арасынан Қазақша Уикипедия Түрікше Уикипедиядан кейінгі екінші орын алады (бірінші орын 29.11.2012 - 25.12.2012).
Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. — Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2
Қазақстан - спортшылар елі. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Сөздік-Словарь». ISBN 9965-822-57-3
Қаржы-экономика сөздігі. — Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, «Зияткер» ЖШС, 2007. ISBN 978-601-215-003-2
Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1
Тараз энциклопедиясы.
Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы: Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық /В. Усиков, Т. Казановская, А. Усикова, Г. Зөбенова. 2-басылымы, өңделген. — Алматы: Атамұра, 2009 жыл. ISBN 9965-34-934-7
Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Ғылымтану. Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын- Павлодар: ҒӨФ «ЭКО», 2006 жыл. ISBN 9965-808-78-3
ISBN 9965-09-033-5 Тұрсын Қ., Нұсқабайұлы Ж. Теледидар сөздігі – тележурналист анықтамалығы. Оқу құралы. –Алматы, «Білім», 2001. – 380 бет.
Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, Мектеп, 2002 жыл.
Қазақстан Республикасының Ғылым Энциклопедиясы
Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Қ 17 Геология/Жалпы редакциясын басқарған — түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов — Алматы: "Мектеп" баспасы" ЖАҚ , 2003. — 248 бет. ISBN 5-7667-8188-1ISBN 9965-16-512-2
Пульмонология терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. Алматы: Ана тілі. 1996. ISBN 5-630-00473-5
Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9
Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Информатика және компьютерлік техника / Жалпы редакциясын басқарған түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5
Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9
Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Информатика және компьютерлік техника / Жалпы редакциясын басқарған түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5
Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3
Мұнай және газ геологиясы терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. Жалпы редакциясын басқарған Қазақстанға еңбегі сіңген мұнайшы — геологтар Т.Н. Жұмағалиев, Б.М. Куандықов, 2000. — 328 бет.
Қаржы-экономика сөздігі. — Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, «Зияткер» ЖШС, 2007. ISBN 978-601-215-003-2
Банк терминдері мен ұғымдарының қазақша-орысша сөздігі. / Ғ. Сейіткасымов, Б. Бейсенғалиев, Ж. Бекболатұлы — Алматы: Экономика, 2006 жыл. ISBN 9965-783-20-9
Рахимбекова З.М. Материалдар механикасы терминдерінің ағылшынша-орысша-қазақша түсіндірме сөздігі ISBN 9965-769-67-2
Орысша-қазақша түсіндірме жалпы сөздік: Көлік / профессор Е. Арын — Павлодар : «ЭКО» ҒӨФ. 2006.
Русско-казахский толковый географический словарь. Под общей редакцией академика АН КазССР, проф. С. К. Кенесбаева и кандидата филол. наук А. А. Абдрахманова. Алма-Ата, Изд-во «Наука», 1966, стр. 204. (Академия наук Казахской ССР. Институт
Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9
Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. — Алматы: Атамұра, 2006 жыл. ISBN 9965-34-515-5