From Wikipedia, the free encyclopedia
Қазақстанның Қарулы Күштері — Қазақстан Республикасының әскери құрылымы әскери басқару органдарын, Қарулы Күштердiң түрлерiн, арнайы әскерлердi, тыл, әскери оқу орындары мен ғылыми мекемелердi қамтиды.
Қазақстан қарулы күштері | |
---|---|
Құрылғаны | 7 мамыр 1992 |
Күштер тараулары | Қарулы Күштердің түрі:
Құрлық күштері |
Басшылық | |
Жоғарғы Бас Қолбасшысы | Қасым-Жомарт Тоқаев |
Қорғаныс министрі | Генерал-полковник Руслан Жақсылықов |
Бас штабының бастығы | Генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов |
Әскери қызметі | |
Әскери қызмет жасы | 18 - 27 |
Әскери қызметке шақыруы | 12 ай (жедел қызмет)
24 ай (әскери қызмет өткермеген запастағы офицерлерді шақыру) |
Әскери қызметке қатынаушылар |
3,758,255 ер, жасы 15–49, 3,822,845 әйел, жасы 15–49 |
Әскери қызметке жарайтындар |
6 683 865 (34,2%), жасы 15–49 |
Шақыруға жасы жеткендер, жыл сайын |
273 608 (2024) |
Белсенді құрамы | 70000-75000 |
Қор құрамы | 135,000 (2024) |
Шығындары | |
Бюджеті | 972 млрд. тенге (2024)[1](2,2 млрд $ США) |
ЖІӨ пайызы | 0,95 % (2022 сарап.) |
Қатысты баптар | |
Дәрежелер | 1 |
Соғыс уақытында құрамына қорғаныс министрлігіне қарайтын әскер түрлерiнен басқа Ішкi iстер министрлігінiң iшкi әскерлерi, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң шекара қызметi және басқа да әскерлерi, республикалық «Ұлан», азаматтық және аумақтық қорғанысты басқару мен құру органдары кiредi.
«Қазақстан Республикасының қорғанысы мен Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 5-тарау, 18-тармағы бойынша: Қарулы Күштер агрессияға тойтарыс беруге, Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығы мен егемендігін қару-жарақпен қорғауға, мемлекеттік және әскери объектілерді күзетуге және қорғауға, әуе кеңістігін күзетуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарға сәйкес міндеттерді орындауға арналады. «Қазақстан Республикасының қорғанысы мен Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 4-бабы бойынша: Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар Әскери доктринаға және Қарулы Күштерді қолдану жоспарына сәйкес қорғаныс саласындағы міндеттерді орындайды.
Республика Қарулы Күштерiне бейбiт кезеңде мынандай негiзгi мiндеттердi орындау жүктелген:
Бұл мiндеттердi орындауды Қарулы Күштер ҚР-ның басқа да әскерлерi мен әскери құрылымдарымен өзара тығыз iс-қимылда жүзеге асырады. Бұл ретте ҚР Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң шекара қызметiне құрлықта, теңiзде, көлдерде және өзге де су айдындарында мемлекет шекараны күзету мен қорғау, сондай-ақ, лаңкестiкке (террорға), қару мен есiрткi саудасына қарсы күреске қатысу жүктеледi.
Қазақстанның геосаяси жағдайы үлкен өзгерiстерге (экстремизм, шекараға таяу жерлерде әскери қақтығыстардың өршуi, жаңадан ядр. мемлекеттер пайда болуы, т.б.) ұшырауда.
Әскери доктрина Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі ережелерін, Мемлекет басшысы жарлықтарының талаптарын, Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын, Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын, Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ Қазақстан қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарды нақтылайды.
Әскери доктрина қорғаныстық сипатта, ол ұлттық мүдделерді қорғауды, елдің әскери қауіпсіздігіне кепілдік беруді батыл шеше отырып, Қазақстан Республикасының бейбітшілікке бейілділігін айқындайды, асимметриялық қатерлерге: терроризмге, экстремизмге, есірткі тасымалына, қаруды заңсыз таратуға, заңсыз көші-қонға қарсы күресті ескере отырып, Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды дамыту шарттары мен жаңа бағыттарын нақтылайды.
Құрлық күштерінің өңірлік қолбасшылықтары 2003 жылы құрылған.
«Астана» өңірлік қолбасшылығы Ақмола, Қарағанды, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімшілік шекарасында орналасады. Қолбасшылық штабы Қарағанды қаласында орналасқан.
Өңірлік қолбасшылық құрамына орталық бағынысты бөлімдер мен Әуе қорғанысы күштері әскерлерінен басқа аумақтық бөлініс шегінде орналасқан әскери бөлімдер кіреді.
«Астана» өңірлік қолбасшылығы — Қарулы Күштер Жоғарғы Бас қолбасшысы Ставкасының резерві.
«Астана» ӨҚ кіреді:
«Шығыс» өңірлік қолбасшылығы Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарының әкімшілік шекараларында орналасқан. Қолбасшылық штабы Семей қаласында орналасқан.
Өңірлік қолбасшылықтың құрамына Әуе қорғанысы күштерінің орталық бағыныстағы бөлімдері мен әскерлерін қоспағанда, аумақтық бөлініс шегінде орналасқан әскери бөлімдер кіреді.
«Шығыс» ӨҚ кіреді:
«Батыс» өңірлік қолбасшылығы Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау және Маңғыстау облыстарының әкімшілік шекараларында орналасқан. Қолбасшылық штабы Атырау қаласында орналасқан.
Өңірлік қолбасшылықтың құрамына Әуе қорғанысы күштерінің орталық бағыныстағы бөлімдері мен әскерлерін қоспағанда, аумақтық бөлініс шегінде орналасқан әскери бөлімдер кіреді.
Өңірлік қолбасшылықтың негізгі міндеті — Каспий теңізінің қазақстандық секторында Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасына, аумақтық тұтастығына, егемендігі мен экономикалық мүдделеріне қол сұғылмауын қамтамасыз ету.
«Батыс» ӨҚ кіреді:
«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы Алматы, Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облыстарының әкімшілік шекараларында орналасқан. Қолбасшылық штабы Тараз қаласында орналасқан.
Өңірлік қолбасшылықтың құрамына Әуе қорғанысы күштерінің орталық бағыныстағы бөлімдері мен әскерлерін қоспағанда, аумақтық бөлініс шегінде орналасқан әскери бөлімдер кіреді.
«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының негізгі міндеті — елдің оңтүстік-шығыс шептерінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
«Оңтүстік» ӨҚ кіреді:
Жауынгерлік қолдау бөлімдерінің санын көбейту және заманауи қару мен әскери техниканы сатып алу. 99 арнайы мамандандырылған компанияларды қамтитын 10 логистикалық база мен 9 барлау полисі құрылды.
3 млрд тенгеге келесі заманауи қарулар сатып алынды:
Типі | Бейнесі | Өндіріс | Техника түрі | Саны | Ескертпелер |
---|---|---|---|---|---|
Т-72БА | Қазақстан | Танк | 300-1300 | 2016 жылғы мәліметтер бойынша 300-ден 1300-ге дейін Т-72В болды.
— БРЭ бойынша 2021 жылға 300 Т-72БА | |
БМП-2 | КСРО | Жаяу әскерге арналған ұрыс көлігі | 500[3] | ||
БМП-1 | КСРО | Жаяу әскерге арналған ұрыс көлігі | |||
БМПТ Терминатор | Ресей | Танктерді сүйемелдейтін Бронды-көлік | 3 | ||
БТР-82А | Ресей | Бронды-тасымалдаушы | 62 | ||
БТР-80А | Ресей | Бронды-тасымалдаушы | 90 | ||
БТР-80 | КСРО | Бронды-тасымалдаушы | 150 | ||
БТР-70 | КСРО | Бронды-тасымалдаушы | |||
БТР-60 | КСРО | Бронды-тасымалдаушы | 150 | ||
БРДМ-2 | КСРО | Барлау-көлігі | 30 | ||
HMMWV | АҚШ | Барлау-көлігі | 50 | ||
МТ-ЛБ | КСРО | Бронды-тасымалдаушы | 180 | ||
Газ-2330Тигр | Ресей | Барлау-көлігі | 26 | ||
БПМ-97 | Бронокөлік | 20 | |||
БРМ-1К | КСРО | Барлау-көлігі | 40 | ||
OTOKAR COBRA | Барлау-көлігі | 17 | |||
Арлан | Қазақстан | Бронды-көлік | 150[4] | ||
Plasan Sandcat//Алан | Қазақстан | Бронды-көлік | 20 |
Сүйретілетін артилерия
Жылжымалы зеңбіректер
Дүркін артиллерия
Типі | Бейнесі | Өндіріс | Техника түрі | Саны | Ескертпелер |
---|---|---|---|---|---|
ТОС-1А | Ресей | Дүркін артиллерия | 3 | ||
БМ-30 Смерч | КСРО | Дүркін артиллерия | 6 | ||
БМ-27 Ураган | КСРО | Дүркін артиллерия | 180 | ||
БМ-21 РСЗО «КазГрад» | Қазақстан | Дүркін артиллерия | |||
БМ-21 Град | КСРО | Дүркін артиллерия | 200 | ||
Найза | Қазақстан | Дүркін артиллерия | 18 | ||
9К59 «Прима» | КСРО | Дүркін артиллерия |
Тактикалық зымыран кешендері
Қазақстан Республикасының әуе қорғаныс күштері 1998 жылы 1 маусымда құрылды.
Мақсаттары:
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.