Үшарал (қала)

From Wikipedia, the free encyclopedia

Үшарал (қала)
Remove ads

ҮшаралҚазақстандағы қала (1984 жылдан), Жетісу облысы Алакөл ауданының орталығы (1928). Іргесі 1871 жылы қаланған.

Quick Facts Әкімшілігі, Ел ...
Remove ads
 Басқа мағыналар үшін Үшарал деген бетті қараңыз.
Remove ads

Географиялық орны

Облыс орталығы – Талдықорған қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 281 км-дей жерде, Тентек өзенінің жағалауында орналасқан.

Халқы

Тұрғыны:

  • 15 991 адам (2009);
  • 16 234 адам (2010);
  • 16 292 адам (2011);
  • 16 396 адам (2012);
  • 17 620 адам (2013).
More information 2021 2009-ға пайызбен, Ерлер 2009 ...
Remove ads

Атауы

Қаланың батыс жақ тұсынан Тентек өзені үш тарамға бөлініп ағатын болғандықтан «Үшарал» атанған.

Кәсіпорындары

20 ғасырдың 90-жылдарының ортасына дейін қалада қызмет атқарған ауыл шаруашылығы техника бірлестігі, баспахана, нан, тұрмыс қажетін өтеу комбинаттары, орман шаруашылығы, көлік, құрылыс кәсіпорындары, мал дәрігерлік стансасы, т.б. мекемелер мен кәсіпорындар нарықтық экономикаға өтуге байланысты жекешелендірілді. Олардың негізінде АҚ, ЖШС мен шаруа қожалықтары құрылды.

Географиясы

Климаты

More information Үшарал ауа райы, Көрсеткіш ...
Remove ads

Инфрақұрылымы

Аудандық аурухана, емхана, тубдиспансер, санэпидстанса, дәріханалар, 5 орта мектеп, гимназия, музыка, спорт мектептері, ауыл шаруашылық лицейі, 2 балабақша, мәдениет сарайы, халық театры, мешіт, т.б. мекемелер бар.

Қала арқылы республикалық маңызы бар АлматыТалдықорғанСемей автомобиль жолы өтеді.[4]

Дереккөздер

Loading content...
Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads