From Wikipedia, the free encyclopedia
Тобықты - Орта жүз Арғын тайпасының руы. Тобықты руының ең толық шежіресін Шәкәрім Құдайбердіұлы өзінің «Түрік, қазақ, қырғыз шежіресінде» берген. Оның айтуынша, Тобықты мен Қанжығалы Қарақожаның тоқалынан (Момын) туған баласы Кенжесопының ұлдары. Тобықтының Ерсетек, Дәулетек деген екі ұлы болған. Дәулетек бір аста жуан аяқ ұстап, ошақ басын қорығаннан «Жуантаяқ» атанып, нәсілі де сол атпен аталды. Ерсетектенен - Мұсабай, Көкше, Дадан. Мұсабай, Көкше, Дадан, Жуантаяқтан қазіргі Тобықты бастау алады.
Ол Арғынның екінші әйелі Момыннан туатын төртеудің бірі - Ақсопыдан тарайды. Тобықты ұрпақтары 17 ғасырдың ақырында Балқаш, Тоқырау, Қусақ маңын, 5 болыс ел қазіргі Семей облысының жерін мекендеген. Қалың Тобықтының ішінде өсіп, ел арасындағы дау-дамайға еріксіз араласқан Абай өз өлеңдерінде сол кезеңде атқа мініп, әкімшілік жұмыстарына араласқан би-болыстардың, халықты алдап-арбап, арын сатқан арамза қулардың оғаш мінездерін қатты сынайды. Ақын «Патша кұдай, сыйындым...» деген өлеңінде: «Қайран сөзім қор болды, Тобықтының езіне»деп напыса, Кежек байға арналған «Бөтен елде бар болса...» деп басталатын Ұзақ толғауында бірді бірге айдап салып, ел ішін алатайдай еткен алаяқ пысықтарға ренішін жасыра алмай: «Ел бүлігі Тобықты, Көп пысыққа молықты» деп ашына айыптайды. Бірақ, бұған қарап Абай бүкіл Тобықты жұртын даттап отыр деуге әсте болмайды. Ақынның қадапа сынап, қаһар төгіп отырғаны сол қалың елдің тыныштық-берекесін кетіріп біткен «ездер» мен «пысықтар». Іргелі ел атанған Тобықтының жақсылығы мен жақсыларын ақын қатты құрметтеген. Сүйікті баласы Әбдірахман мезгілсіз қайтыс болып, көңілі қайғы-шерге толған ақын «Бермеген колға, қайтесің...» деген жұбату жырында арғы қажы атасын: «Тобықтыны ел қылып, Басын жиып қурапты» деп мадақ тұтады, жаралы жүрегіне содан медеу тапқандай болады.[1]
Тобықты елі 1824 ж. дейін бір ғана болыс болған. 1835 ж. Күшік тобықты, Мәмбетай тобықты болып бөлінеді де, кейінірек Күшік тобықтыдан Қоңыр-кекше болысы бөлініп шығады.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.