Амангелді Жұмағалиұлы Омаров
From Wikipedia, the free encyclopedia
Амангелді Жұмағалиұлы Омаров (30 сәуір, 1941 жыл, Қарағанды облысы, Балқаш) - техника ғылымдарының докторы (1999), ҚР-ның еңбек сіңірген көлік қызметкері.
Техника ғылымдарының докторы (1999), Халықаралық көлік академиясының профессоры, академигі. Халықаралық ақпарат академиясының толық мүшесі.
Өмірбаяны
Арғын тайпасының Тобықты руының Байтемір бөлімінен шыққан.
- Әкесі - Жұмағали Омаров (1902-1975), ҚазКСР Еңбек сіңірген құрылысшысы, Құрметті теміржолшысы, Ленин ордені мен Халықтар достастығы ордендерінің иегері, Түркістан-Сібір темір жолы басқармасының басшысы болған.
- Новосібір темір жол көлігі иженерлері институтын (1966) бітірген, қатынас жолдар инженер-құрылысшысы.
- 1966 жылдан - Қазақ темір жолының Арыс жол қашықтығының бригадирі, аға шебері.
- 1968 жылдан - Қарағанды жол қашықтығының бас инженері.
- 1972 жылдан - Қарағанды жол қашықтығының басшысы.
- 1977 жылдан - Қарағанды жол және құрылыс бөлімінің басшысы, басшының орынбасары, бас инженері.
- 1983 жылдан - Алматы темір жолы басшысының орынбасары (Ақтоғай - Дружби Алашанькоу өткелі арқылы темір жол магистралін жобалау және қалпына келтіру ұйымдастырушылардың бірі болған).
- 1991 жылдан - Алматы темір жолының басшысы; «Қазақстан темір жолы» РМК бас директорының орынбасары.
- 1997 жылдың маусым айынан - Қазақ көлік жолы қатынастары академиясының ректоры.
- 2003 жылдан бері - Қазақ жол қатынастары университетінің ректоры.
Марапаттары
- «Ерлік еңбегі үшін» медалі
- «Құрметті теміржолшы»
- «ҚР Құрметті білім беру қызметкері»
- «ҚР Еңбек сіңірген көлік қызметкері» белгілерімен марапатталған.
Қоғамдық қызметі
- «Темір жол қатынасы, темір жолдарын іздеу және жобалау», «Жол, құрылыс және кетергіш-көліктік машиналары» мамандықтары бойынша ғылым докторы ғылыми дәрежесін ізденудегі диссертацияларды қорғау Диссертацияпық кеңесінің төрағасы.
- «Қазақ көлік және қатынас академиясының жаршысы» (2000) және «Қазақстанның өнеркәсіптік көліктері» (2001) журналдарын шығарудың бастамашысы.
Ғылыми еңбектері
20 монографияның, оның ішінде
- «Қазақстандағы темір жолдарды электрлендіру» (1995)
- «Қозғалмалы құмы бар шөл далаларда темір жолдарды жобалау» (1999)
- «Қазақстандағы темір жолдардың жер табаны» (2000),
- сонымен қатар 250 астам ғылыми мақалалардың авторы
- 6 авторлық күәлігі бар.
Отбасы
- Үйленген. Жұбайы - Омарова Кәрима Әбілқасқызы.
- Қыздары - Омарова Ботагез Амангелдіқызы (1968 жылы туған), Омарова Гүлмира Амангелдіқызы (1973 жылы туған).[1]
Дереккөздер
- Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2
Wikiwand in your browser!
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.