From Wikipedia, the free encyclopedia
Өмірзақова Әмина Ерғожақызы (1919 жылы 8 наурызда Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Қараауыл ауылы - 2006 жылы 26 қыркүйекте Алматыда) — кеңестік және қазақстандық кино және театр актрисасы. Қазақ КСРнің Халық артисі (1965), Қазақ КСРнің Мемлекеттік сыйлығының иегері (1967). Қазақ кино және театр өнерінде өзіндік қолтаңбасын қалдырған дарынды артист.
Оның театр сахнасында тұңғыш ойнаған рөлі – М.Әуезовтің “Түнгі сарын” спектакліндегі Мөржан. Бұдан басқа ойнаған басты рөлдері қатарында Баян (Ғ.Мүсірепов “Қозы Көрпеш – Баян сұлу”), Луиза (Ф.Шиллер “Зұлымдық пен махаббат”), Смеральдина (К.Гольдони “Екі мырзаға бір қызметкер”), Шәуәли (М.Ақынжанов “Ыбырай Алтынсарин”; Бүкілодақтық балалар және жасөспірімдер театрлары фестивалінің дипломымен марапатталды, 1958), Рәбиға (Ш.Хұсайыновтың осы аттас драмасында), Кенжегүл (І.Мұхамеджанов “Өзіме де сол керек”), Алтынай (Ш.Айтматов “Алғашқы мұғалім”), Гүлжамал (Т.Ахтанов “Күшік күйеу”), Қалампыр шешей (Ш.Уәлиханов “Тағдыр”), Глумова (А.Н. Островский “Адам аласы ішінде”), т.б. бар. 1942 жылдан киноға түскен: Ажар (“Абай әні”, 1945), Мұғалима (“Қанатты сыйлық”, 1956), Айша (“Бір ауданда”, 1960), Ана (“Ана туралы аңыз”, 1963, Қазақстан және Орта Азия республикаларының кино өнері бойынша өткен байқаудың 1-сыйлығы, 1964; Қазақ КСР-і Мемлекеттік сыйлығы, 1966), Тана (“Тақиялы періште”, 1968; Алматы қаласында өткен Қазақстан және Орта Азия республикаларының 8-кино өнері байқауының сыйлығы, 1969), т.б. Отан, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен және медальдармен марапатталған.[2]
Әмина Өмірзақова киноға 1938 жылы Ленинград институтында студент болып жүрген кезден бастап түсе бастады. Оның алғашқы түскен фильмдері "Комсомольск", "Амангелді", "Алыптың әні", "Ақ раушан". Десе де оны танымал еткен алғашқы үлкен рөл - 1945 жылғы "Абай өлеңдері" фильміндегі Ажардың рөлі. Осы рөл арқылы ол қазақ кинематографиясының элитасы қатарына кірді. 1945-1963 жылдар аралығында "Жамбыл", "Қыз жігіт", "Қанатты сый", "Әрі қалжың әрі шын" фильмдеріне түсіп, атақ–даңқ жинады.
1964 жылы Анатолий Карповтың "Ана туралы жыр" фильмі экран бетіне шықты. Бұл фильмде Әмина Ерғожаевна ұлының майданда қаза тапқаны жайлы есірткен, бірақ бар қайғыға төтеп берген ананың рөлін сомдады. Кейіпкер оқу–жазу білмейді. Майданда болып жатқанның барлығынан хабардар болідың жалғыз тәсілі осы болғандықтан, өз бетімен оқуды үйреніп алады да почтальон болып жұмыс үстейді. Ол бірнеше рет басқа аналарға қайғылы хабар жеткізсе де, оларға сүйеу болып, көмек қолын созады. Фильм көпшіліктің көңілінен шығып, ҚазКСР Мемлекеттік сыйлығын жеңіп алды, ал Әмина Өмірзақова 1964 жылғы Жалпыкеңестік кинофестивальде "ең жақсы әйел рөлі" сыйлығын, К. Байсейітова атындағы ҚазКСР Мемлекеттік сыйлығын жеңіп алды. "Ана туралы жырдан" соң 1968 жылға дейін "Ең тілалғыш", "Мың шақырым саяхат" картиналарында басты да, екінші реттік рөлдерді сомдап жүрді. Сондай–ақ, "Алдар–көсе" бейнефильмінде эпизодтық рөлде ойнады.
1968 жылы Шәкен Аймановтың "Тақиялы періште" комедиялық фильмі жарық көрді. Бұнда Әмина Ерғожаевна Тана атты ананың бейнесін сомдады. Бүкіл фильм бойы ол өзінің Тайлақ атты ұлына қалыңдық іздеумен болады. Бұл рөлдің қызығы, актрисса едәуір жас болса да, өзінен бірнеше есе үлкен кейіпкерді ойнады. Сондай–ақ, өзге рөлдерінен ерекшелігі—көңілді кейіпкерді сомдауы. Картина бүкіл Кеңес Одағындағы кинотеатрларында көрсетілді. Соның арқасында оны бүкіл ел таныды.
"Тақиялы періштеден" соң оншақты фильмдерде түсті. Соның ішіндегі ең ерекшесі "Мама Роза" картинасы. Бұл фильмде ол қара нәсілді баланың өгей анасы бейнесін сомдады. Актриссаның кейіпкері — шейіттей баланың тәрбиесін қолына ойда жоқта алған, жасы келген адам. Ойнаған рөлі үшін "Шоқжұлдыз" кинофестивальінің лауреаты атанды. Бүкіл карьерасында Әмина Өмірзақова көп рөлде ойнады. Десе де, "Ана туралы жыр", "Тақиялы періште", "Жұлдызыңды сақта", "Мама Роза" картиналарында ойнаған ана рөлдері нағыз қазақ анасының бейнесін айқын көрсетті.
1996 жылы ұлының бастама фильмі "Аминада" өз–өзін сомдады.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.