Әнет Баба
From Wikipedia, the free encyclopedia
From Wikipedia, the free encyclopedia
Әнет баба (1628 – 1723) – “Жеті жарғыны” құрастыруға қатысқан атақты 7 бидің бірі.
Мына мақаланы не бөлімін Әнет би дегенмен біріктіруге ұсынылған. (Талқылауы) |
Руы Тобықты. Жас кезінде Бұхар-шарифте Найман Сарышуаш жыраумен бірге медресе бітірген.Ислам қағидаларына, шариғат ережелеріне жүйрік болған. Әділдігімен, діндарлығымен аты шыққан. Қалқаман—Мамыр дауы (қосымша “Қалқаман-Мамыр”) кезінде бірін-бірі сүйген екі жас жазадан босатылсын деген билік шығарады, бірақ оған Мәмбетбай руының басшысы Көкенай батыр көнбейді. Ол Мамырды атып өлтіріп, енді тентегіңді сен де өлтір деген ауыр шарт қояды. Көкенай батырдың ауыр шартына амалсыз көнген Әнет баба: “Қалқаман жүйрік атпен шауып өтсін, Көкенай сонда атсын” деген тоқтамға келеді. Бұл жазадан Қалқаман аман құтылады. 1723 жылы көктемде жоңғарлар шабуылы басталып, ел “Ақтабан шұбырындыға” ұшыраған кезде Әнет баба жұртта қалады. Кейін Көкенай бастаған батырлар ұлы бидің сүйегін тауып жерлейді. Әнет бабаның Жаубасар, Есболат, Шақа есімді ұлдары болған. Бұлардан бұрын ержеткен 5 ұлы қалмақтармен соғыста қаза табады.[1] Әнет бабаның бәйбішесінен туған бес баласы Ақтабан шұбырынды бола-тұғында қалмақтың оғынан өліпті. Олардан нәсіл қалғаны мәлім емес. Мұнда сол бәйбіше баласы - Байболат дегеннің Балуан, Бақай деген екі баласы бесікте келген екен, соның Балуанынан тұқым жоқ. Бақайдың балалары өсіп-өнген. Әнет бабаның басқа әйелдерінен Жаубасар, Есболат, Шақа деген ұрпағы бар. Әнет тек Тобықтыға ғана емес, исі қазаққа қадірменді қарт баба, қазақтың әйгілі төбе билері Төле, Қазыбек, Әйтекелерге, "көмекей әулие" атанған Бұқар жырауға батасын берген.[2]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.