![cover image](https://wikiwandv2-19431.kxcdn.com/_next/image?url=https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/e/e3/Mustela_nivalis_-British_Wildlife_Centre-4.jpg/640px-Mustela_nivalis_-British_Wildlife_Centre-4.jpg&w=640&q=50)
Сусарлар тұқымдасы
From Wikipedia, the free encyclopedia
Сусарлар тұқымдасы (лат. Mustelidae) – жыртқыш сүтқоректілер отрядының Сусар тәрізділер кіші сабының бір тұқымдасы.
Сусарлар тұқымдасы Қазбалық ауқымы: 15–0 Ma Early Миоцен – Recent | ||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
![]() | ||||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||
| ||||||||||||||||
Үлгілік тегі | ||||||||||||||||
Mustela Linnaeus, 1758 | ||||||||||||||||
Кіші тұқымдастары | ||||||||||||||||
Сусар |
Сусар тәрізділер — жыртқыштар тұқымдастары. Денесі ұзын, икемді, аяқтары қысқа, бессаусақты, тырнақтары көрінбейді. Көпшілігі толық немесе жартылай өкшесінен басатындар; кейбір түрлерінің саусақтар аралығы жүзу жарғағымен байланысқан; теңіз камшатының артқы аяқтары жүзу ескегіне айналған. Жүні қалың, үлпілдек, көптеген түрлерінің жүні түбіттенген. Көпшілігі бір жылда екі рет түлейді. Жақсы жетілген анал бездері күшті иісті зат бөліп шығарады. 64 түрі, 24 туысы белгілі. Олар: сусар, құну, аққалақ, сасық күзендер, 13 түр, оның ішінде аққіс, аққалақ, сарыкүзен, Еуропалық және американдық су күзендері, сасық күзендер, борсықтар; тарбағаннын 3 түрі, кәмшат және теңіз кәмшаты бар. Австралия мен Антарктидадан басқа барлық жерде таралған. ТМД-да 8 туыстың 16 түрі кездеседі. Олар жерде, суда және ағаштарда тіршілік етеді. Көпшілігі моногамдар және жылына бір рет 1 ден 18 дейін бала табады. Ет жегіштер. Өте бағалы терілі кәсіпшілік және аң шаруашылық жануарлары.[1]