![cover image](https://wikiwandv2-19431.kxcdn.com/_next/image?url=https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/e/e3/Mustela_nivalis_-British_Wildlife_Centre-4.jpg/640px-Mustela_nivalis_-British_Wildlife_Centre-4.jpg&w=640&q=50)
Аққалақ
From Wikipedia, the free encyclopedia
Аққалақ (лат. Mustela nivalis) – сусарлар тұқымдасының сусарлар туысына жататын жыртқыш сүтқоректі аң.
Аққалақ Қазбалық ауқымы: Late Плейстоцен–Recent | ||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
![]() Mustela nivalis vulgaris
| ||||||||||||||||
Амандық күйі | ||||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||
| ||||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||||
Mustela nivalis Линней, 1766 | ||||||||||||||||
![]() Ареал
|
Аққалақты кейде ақ қия немесе ақ құлақ деп те атайды. Дене ұзындығы 11 ден 26 см дейін, құйрығы 1,3—4 см, салмағы 43-250 г келеді. Денесі жіңішке, икемді. Жазда түсі күңгірт—жирен, (денесінің астыңғы жағы ақ), қыста, ақ. Солтүстік Америкамен Еуразияда таралған; ТМД—да барлық аймақтарда кездеседі. Әртүрлі табиғи жағдайларда тіршілік етеді. Қазақстанның орман-тоғайларында, өзен-көл жағаларында, сай-салаларында, тау алқаптарында, шөл-шөлейтті жерлерінде кездеседі. Жыртқыш, ұсақ кемірушілермен қоректенеді. 3—10—ға дейін, негізінде 4—7 күшігі болады. Кәсіпшілік маңызы шамалы. Аққалақ - пайдалы аң. Оның әрбіреуі жылына ауыл және орман шаруашылықтарына орасан зор зиян келтіретін 2,5-3 мыңдай ұсақ кеміргіштерді құртады.[2]