Солтүстік Америка
құрлық / From Wikipedia, the free encyclopedia
Солтүстік Америка (ағылш. North America, фр. Amérique du Nord, ис. América del Norte, Norteamérica, Үлгі:Lang-nah) — батыс жарты шардағы құрлық. Жер аумағы 20,36 млн. км² (аралдарымен қоса есептегенде 24,25 млн. км2). Тұрғыны 476 млн. адам (2000). Солтүстік Мұзды мұхит (құрлыққа тереңдеп еніп жатқан Гудзон шығанағымен), Атлант (Мексика шығанағымен) және Тынық мұхитпен (Калифорния шығанағы) қоршалған. Ірі аралдары: солтүстігінде Гренландия, Канаданың Арктикалық топаралы, батыс жағалауында Алеут, Александр топаралдары, Ванкувер, Шарлотта патшайым; шығысында Вест-Индия, Ньюфаундленд, т.б. аралдар бар. Iрі түбектері: Бутия, Мелвилл (солтүстігінде), Лабрадор, Флорида (шығысында), Юкатан (оңтүстігінде), Аляска, Калифорния (батысында).
Солтүстік Америка | |
Солтүстік Америка құрлығы | |
Территория | 24 365 000 км² |
Халық саны | 579 000 000 (2016) адам |
Тығыздығы | 22,9 адам/км² |
Этнохороним | солтүстік америкалық, америкалық |
Енеді | 23 мемлекет |
Тілдері | ағылшын, испан, француз және т.б. |
Уақыт белдеулері | UTC-10 — UTC |
Солтүстік Америка Ортаққорда |
Солтүстік Американың шеткі нүктелері:
- Солтүстігінде Мерчисон мүйісі (71°51' с.е.),,
- Оңтүстігінде Марьято мүйісі (7°12' с.е.)
- Батысында Принц Уэльс мүйісі (168°б.б.),
- Шығысында Сент-Чарльз мүйісі (55°40').