From Wikipedia, the free encyclopedia
Сент-Китс және Невис Федерациясы (ағылш. Federation of Saint Kitts and Nevis, [seɪnt ˌkɪts ænd ˈniːvɪs] тыңдау), сонымен қатар Сент-Кристофер және Невис федерациясы (ағылш. Federation of Saint Christopher and Nevis) — Кариб бассейніндегі Сент-Киттс және Невис аралдарында орналасқан мемлекет, Кариб теңізінің ең кіші мемлекеті.
Сент-Китс және Невис Федерациясы ағылш. Federation of Saint Kitts and Nevis | |||||
| |||||
Ұран: «Country Above Self» «Елім өзімнен жоғары» | |||||
Әнұран: «O Land of Beauty!» «О, сұлулық жері!» (тыңдау ) | |||||
Тарихы | |||||
---|---|---|---|---|---|
Тәуелсіздік күні | 19 қыркүйек 1983 жыл (Британ империясынан) | ||||
Мемлекеттік құрылымы | |||||
Ресми тілі | ағылшын тілі | ||||
Елорда | Бастер | ||||
Ірі қаласы | Бастер | ||||
Үкімет түрі | Унитарлы парламенттік конституциялық монархия | ||||
Патшасы Генерал-губернаторы Премьер-министрі |
III Чарльз Тэпли Ситон Тимоти Харрис | ||||
Мемлекеттік діні | зайырлы мемлекет | ||||
Географиясы | |||||
Жер аумағы • Барлығы |
Әлем бойынша 188 орын 261 км² | ||||
Жұрты • Сарап (2016) • Санақ (2011) • Тығыздығы |
54 821 адам (209) 46 204 адам 164 адам/км² (64) | ||||
Экономикасы | |||||
ЖІӨ (АҚТ) • Қорытынды (2019) • Жан басына шаққанда |
1,758 млрд. $ 31,095[1] $ | ||||
ЖІӨ (номинал) • Қорытынды (2019) • Жан басына шаққанда |
1,058 млрд. $ 18,714[2] $ | ||||
АДИ (2017) | ▲ 0,778[3] (жоғары) (72) | ||||
Валютасы | Шығыс кариб доллары (XCD) | ||||
Қосымша мәліметтер | |||||
Интернет үйшігі | .kn | ||||
ISO коды | KN | ||||
ХОК коды | SKN | ||||
Телефон коды | +1-869 | ||||
Уақыт белдеулері | UTC−4:00 |
Мемлекет аумағы — 261 км². Халқының саны — 50 мың адамды құрайды (2010). Елордасы Сент-Китс аралында орналасқан Бастер қаласы. Сент-Киттс және Невис мемлекеті батыс жарымшардағы аумағы бойынша да, халқының саны бойынша да ең кіші мемлекет есептеледі. Ұлыбритания монархы басқаратын Ұлттар Достастығы мүшесі. Астанасы — Бастер қаласы. Халқы 40 мыңға жуық (2000), 86%-ын жергілікті тұрғындар (негізінен африкалықтар), қалғандарын еуропалықтар құрайды. Ресми тілі — ағылшын тілі. Тұрғындары негізінен протестанттар. Сент-Китс және Невис — конституциялық монархия. Мемлекет басшысы — Ұлыбритания монархы тағайындайтын генерал-губернатор. Үкімет басшысы — премьер-министр. Жоғары заң шығарушы органы — Ұлттық жиналыс (бір палаталы парламент). Ұлттық мейрамы — Ұлт күні — 19 қыркүйек (1983). Ақша бірлігі — шығыс кариб доллары. Сент-Китс және Невис БҰҰ-ның (1983), Америка мемлекеттері ұйымының (1984) мүшесі.
Сент-Киттс және Невис жері негізінен таулы вулканды болып келеді. Климаты тропикалық пассатты. Ең биік нүктесі (1155 м) — Сент-Китс аралында. Айлық орташа температура 18 — 24С, жауын-шашын мөлшері 700 — 1200 мм. Таулардың аңғарларын қант құрағы мен мақта плантациялары алып жатыр. Ал жоғары бөліктері — таулы тропикалық орман жамылғысы. Ел аумағы жануарлар дүниесіне кедей. Сент-Киттс және Невисті 1493 ж. Х.Колумб ашты. 1623 жылға дейін Испанияның отары болды. 1623 ж. ағылшындардың, 1627 ж. француздардың қарамағына өтті. 17 — 18 ғасырларда Ұлыбритания мен Франция аралығындағы даулы аймаққа айналып, 1783 ж. ағылшындардың отарына айналды. 1958 — 62 ж. Вест — Үнді федерациясының құрамына кірді. 1967 ж. ақпанда Ұлыбритания қарамағындағы өзіндік басқару құқығына ие болып, 1983 ж. тәуелсіз мемлекетке айналды.
Экономиканың басты саласы — ауыл шаруашылық қант құрағы, мақта, кокос пальмасы, күріш, ямс және банан өсіріледі. Балық шаруашылығы, сондай-ақ туризм дамыған. Тұз өндіріледі. Елдің ішкі сұранысын қанағаттандыру мақсатында азық-түлік тауарлары, тоқыма бұйымдары, аяқ-киім, дәрі-дәрмек, т.б. шығарылады. Елде қант з-ты жұмыс істейді. Сыртқа қант құрағын, мақта және кокос майын, электроника, мақта шығарады. Импортының негізін құрал-жабдықтар мен мұнай өнімдері құрайды. Ұлттық табыстың жан басына шаққандағы мөлш. шамамен 7730 АҚШ долларына тең. Негізгі сауда серіктестері: Ұлыбритания, Кариб бассейні елдері, АҚШ.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.