Семей орманы (резерват)
From Wikipedia, the free encyclopedia
From Wikipedia, the free encyclopedia
Семей орманы – мемлекеттік табиғи орман резерваты.
Семей орманы резерваты | |
ХТҚО санаты — VI (Табиғи ресурстарды тұрақты пайдалану аумағы) | |
Жалпы мағлұмат | |
---|---|
Ауданы | 654 179,8 га |
Құрылған уақыты | 22 қаңтар 2003 жыл |
Басқаратын ұйым | ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті |
Орналасуы | |
50°41′00″ с. е. 79°58′00″ ш. б.50.68333° с. е. 79.96667° ш. б. (G) (O) (Я) | |
Ел | Қазақстан |
Аймақ | Абай облысы |
Аудандар | Абай ауданы, Аягөз ауданы, Бесқарағай ауданы, Бородулиха ауданы, Жарма ауданы, Үржар ауданы |
Семей орманы резерваты Ортаққорда |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің жекелеген мемлекеттік мекемелерін қайта ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 қаңтардағы № 75 қаулысымен Беген, Бородулиха, Бөкебаев, Долон, Жаңасемей, Жарма, Канонер, Морозов, Жаңашулбі және Семей ормандары мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелерді біріктіру арқылы құрылды. Ауданы 662 167 га. 2005 жылы құрамына Үржар ауданы әкімінің 27 қазандағы № 908 қаулысы негізінде тұрақты орман орналастыруға берілген 1610 га жер, 2008 жылы Семей қаласы әкімінің 14 тамыздағы комиссиясының қорытындысына сәйкес Знаменка ауылдық округінің босалқы жерінен 1725 га жайылым енгізілді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 21 шілдедегі № 807 қаулысымен резерваттың жалпы ауданы 804,2 га жері Бұлақ СЭС-ін салуға берілді. Қорықты құрудағы мақсат – маңызды қорғаныш функцияларын атқаратын және ерекше экологиялық, ғылыми, мәдени және рекреациялық құндылығы бар Ертіс өңірінің бірегей жалды ормандарын сақтау және қалпына келтіру.
Абай облысының Абай, Аягөз, Бесқарағай, Бородулиха, Жарма, Үржар аудандары жерінде орналасқан. Географиялық тұрғыдан қорық аумағы Ертіс жазығы, Көкпекті-Шар ұсақ шоқылары мен Шыңғыстау таулары шегінде орналасқан.
Аумағы дала, орман, шөл, бұталы, шалғынды және батпақты өсімдік түрлерінің бірегей үйлесімімен сипатталады. Жалды ормандарында жоғарғы сатылы өсімдіктер флорасының 201 тұқымдасы мен 61 тұқымның 344 түрі өседі. Олардың негізін жабық тұқымдылардың 340 түрі құрайды, оның ішінде: қос жарнақтылар - 80,59% (274 түр), дара жарнақтылар - 19,41% (66 түр). Өсімдіктері орманға тән. Қарағай, қайың және көктерек ормандарының далалық белдеуінде орналасуы бұл аумақта суқорғау мен эстетикалық маңызы зор. Ормандар құмда және жер асты сулары жақын жерде кең таралған. Мұндай аумақтардың әдетте жер бедері – қарағай немесе көктерек-қайың ормандары мен құмды далалардың кезектесуі. Орман түзетін негізгі түрлер: қарағай, қотыр қайың және көктерек. Шөп қабатында дәнекті астық тұқымдастар – қауырсынды қау және бетеге, сондай-ақ Маршалл жусаны мен дала жусандары басым. Батпақты жерлерінде – қияқ, қамыс, қосбас, гигрофитті өсімдіктер.
Қорықтағы омыртқалы жануарлардың фаунасы 354 түрден тұрады; оның ішінде дөңгелекауыздылар – 2, балықтар – 25, қосмекенділер – 4, бауырымен жорғалаушылар – 16, құстар – 234, сүтқоректілер – 83 түр. Дала зонасында жалды орман өскен құрғақ қауырсынды-бетегелі далалардың субзонасында бұлан, елік, жабайы шошқа, қасқыр, түлкі, қарсақ, шақылдақ кеңінен таралған. Құстардың ішінде бозторғай, сұр шіл, дала қыраны, дала құладыны, су қоймаларында суда жүзетін құстар басым. Жарма тармағының аумағында арқар, сілеусін, сасықкүзен, аққалақ, суыр, қоңыр аю кездеседі. Қазақстанның Қызыл кітабына енген түрлер: қара дегелек, ителгі, ақбас тырна, лашын, жыланшы бүркіт, қызылжемсаулы қарашақаз, жалбағай, арқар. Қорық аумағында 7 отрядқа жататын балықтың 25 түрі бар. Оның ішінде Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген төрт түрі – таймен, сылан, сібір бекіресі және балқаш алабұғасы. Резерватта Қазақстан жерінде мекендейтін қосмекенділердің 12 түрінің ішіндегі құйрықсыз қосмекенділер отрядынан 4 түр кездеседі – жасыл құрабақа мен кәдімгі құрбақалар, көлбақа және сүйіртұмсық бақалар. Бауырымен жорғалаушылардың 2 отрядының 16 түрі кездеседі.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.