Самұрық-Қазына
From Wikipedia, the free encyclopedia
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік Қоғамы — әртүрлі саладағы мемлекеттік активтерді (меншікті) басқаратын инвестициялық холдинг. Холдингтің негізгі құрылтайшысы және иесі Қазақстан Республикасының Үкіметі. Қор ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы №669 Жарлығына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 қазандағы № 962 қаулысы на сәйкес «Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамы мен «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі акционерлік қоғамын біріктіру жолымен құрылды [1]. 2010 жылдың 31 желтоқсанына қордың активы 12 815,3 млрд теңгені құрады. Бұл көрсеткіш 2009 жылмен салыстырғанда 1 741,3 млрд теңгеге өскен [2].
«Самұрық-Қазына» Ұлттық Әл-Ауқат қоры» АҚ | |
Түрі | |
---|---|
Құрылды |
2008 |
Орналасуы | |
Басты адамдары |
Нұрлан Қаршығаұлы Жақыпов (Басқарма төрағасы)
|
Саласы |
мұнай-газ және көлік-логистика секторы, химия және атом өнеркәсібі, тау-кен кешені, энергетика және жылжымайтын мүлік |
Айналым |
12 815,3 млрд теңге |
Таза табыс |
545,0 млн теңге (акционердің таза табысы) |
Қызметкерлер саны |
262,2 мың адам (2021) |
Басшы компания | |
Сайты |
Қор қызметінің негізгі міндеттері: компаниялардың ұзақ мерзімді экономикалық құндылығын барынша көбейту және олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру; компанияларды корпоративтік басқарудың ең үздік әлемдік тәжірибесін енгізу және ұлттық және халықаралық ауқымдағы инвестициялық жобаларды әзірлеу және іске асырылуын қамтамасыз ету болып табылады [3]. Қордың ең жоғарғы басқарушы органы - жалғыз үлескер, яғни Қазақстан Республикасының Үкіметі. Басқару органы - Директорлар кеңесінен тұрады, ал атқарушы орган қызметін басқарма атқарады. Қордың барлық шаруашылық қызметі ішкі және сыртқы аудит арқылы бақыланады.