Қазатомөнеркәсіп
From Wikipedia, the free encyclopedia
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК АҚ — әлемдегі ең ірі уран компаниясы[3], уранды және оның қосындыларын, сирек кездесетін металлдарды, атом электр стансалары үшін арналған ядролық отынды, арнайы жабдықтарды, екі рет қолданылуға арналған технологиялар мен материалдарды барлаумен, өндірумен, қайта өндірумен және экспорттаумен айналысатын Қазақстанның ұлттық операторы. Толық атауы — «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамы.
«Қазатомөнеркәсіп ҰАК» АҚ | |
Түрі |
Акционерлік қоғам |
---|---|
Биржадағы листингі | |
Құрылды |
1997 |
Орналасуы | |
Басты адамдары |
Юсупов Мейіржан Бақытұлы (басқарма төрағасы) |
Саласы | |
Өнімі |
Уран, бериллий, тантал, ниобий және сирек кездесетін металдар |
Айналым |
▲ 1 001,1 млрд (2022 жыл) [1] |
Таза табыс |
▲ 472,9 млрд (2022) [1] |
Қызметкерлер саны |
21 682 |
Басшы компания |
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (75%), Citibank (24,34%)[2] |
Еншілес компания |
Ядролық-отын циклі және металлургия: |
Аудитор | |
Сайты |
Бүгін, ұлттық атом компаниясының активтеріне ақырғы өнімді шығару тізбегіндегі (геологиялық барлаудан, уранды өндіруден, ядролық отын циклы өнімдерін өндіруден бастап - ғылымға, әлеуметтік қамтуға және мамандар дайындауға дейін) іске қосылған кәсіпорындар кешені кіреді.
Қазатомөнеркәсіп — атом өнеркәсібінің әлемдік көшбасшысы және уран өндіру саласындағы әлемдегі жетекші өндіруші.[4] Компанияның жалғыз акционері мемлекет атынан «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры болып табылады. Штаб-пәтері Астана қаласында орналасқан.