Реликт сарышұнақ
From Wikipedia, the free encyclopedia
Реликт сарышұнақ, Тянь-Шань сарышұнағы (лат. Spermophilus relictus) – сарышұнақ туысының бір түрі.
Реликт сарышұнақ | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Амандық күйі | ||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||
Spermophilus relictus (Kashkarov, 1923) | ||||||||||||||
Синонимдері | ||||||||||||||
Қазақстанда Кетпен, Көген тау жоталары мен Хантәңірі тау сілемдерінде, Үлкен және Кіші Көкпек өзендерінің аңғарларында кездеседі. Дене тұрқы 115 – 275 мм, құйрығының ұзындығы 41 – 90 мм, салмағы 180 – 537 г. Жотасының жүні сұр түсті, аздаған сары күрең теңбілдері бар. Ін қазып, қоныстарында тұрақты тіршілік етеді. Қорегін іздеуге таңертең шығады. Негізінен өсімдіктермен, шөптің 77 түрімен қоректенеді. Қыркүйектің басында қысқы ұйқыға кетеді.
Жылына бір рет, сәуірдің аяғында балалайды (2 – 9). Кәсіптік маңызы шамалы, көбейіп кетсе індерімен жайылымдарға нұсқан келтіреді. Ғылыми-зертттеу жұмыстарын жүргізуде Тянь-Шань реликтінің маңызы зор.[2]