![cover image](https://wikiwandv2-19431.kxcdn.com/_next/image?url=https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/b/b3/Relief_Map_of_Kazakhstan.png/640px-Relief_Map_of_Kazakhstan.png&w=640&q=50)
Кетпен жотасы
From Wikipedia, the free encyclopedia
Кетпен жотасы, Ұзынқара – Тәңір тауы жүйесінің солтүстік доғасына кіретін жота. Жоталар Алматы облысы Ұйғыр және Райымбек аудандарының және Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының аумағында орналасқан. Жотаның солтүстік беткейлері Іле аңғарына өтеді. Қазақстандағы жотаның ұзындығы - 160 км. Жотаның жалпы ұзындығы - 310 км. Жотаның мұздану мен қар үәінділері жоқ, бірақ мәңгілік мұздану аймағы бар. Жота шыңдары тегіс және кең. Кетмен асуы теңіз деңгейінен 3040 метр биіктікте және тау сілемінің шығыс бөлігінде орналасқан. Кетмен шатқалындағы солтүстік беткей мен Шалқұдықсу өзен алқап жотасының оңтүстік баурайын жалғайтын асу арқылы Іле аңғарынан Кеген-Текес ойпатына дейін керуен жолы салынды.
Кетпен жотасы | |
Сипаттамасы | |
---|---|
Тау жүйесі | |
Ұзындығы |
125 км |
Ені |
40-50 км |
Ең биік шыңы |
Аспан тауы |
Биіктігі |
3652 м |
Орналасуы | |
43°15′56″ с. е. 79°57′16″ ш. б.43.26556° с. е. 79.95444° ш. б. / 43.26556; 79.95444 (G) (O) (Я) (T) | |
Елдер |
|