![cover image](https://wikiwandv2-19431.kxcdn.com/_next/image?url=https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/a/a8/Streifenhoernchen.jpg/640px-Streifenhoernchen.jpg&w=640&q=50)
Тиінтәрізділер
From Wikipedia, the free encyclopedia
Тиінтәрізділер (Scіurіdae) – кеміргіштер отрядының бір тұқымдасы. Қазба қалдықтары миоцен дәуірінен белгілі. Табиғатта кең тараған. Қоңыржай, субтропиктік және тропиктік аймақтарда кездесетін 25 туысы, 230-дан астам түрі белгілі. Тиінтәрізділерге борша тышқандар, тиіндер, суырлар, сарышұнақтар, шалғын иттері жатады. Дене тұрқы 6 – 60 см. Тіршілік ортасы әр түрлі: ағашта (тиін), жартылай ағашта (борша тышқан) және жерде (суыр, сарышұнақ) мекендейді. Күндіз белсенді. Көпшілік түрі қысқы ұйқыға кетеді. Негізінен өсімдіктермен қоректенеді, қысқа қор жинайтын түрлері де бар. Жылына 2 – 3 рет көбейеді. Қазақстанда 5 туысы, 13 түрі (тиін, тараққұйрық сарышұнақ, борша тышқан, ұзынқұйрық сарышұнақ, зорман, балпақ, қызылұрт сарышұнақ, Тянь-шань реликті сарышұнағы, кіші сарышұнақ, дала суыры, сұр суыр, Мензбир суыры, қызыл суыр) бар. [1]
![Thumb image](http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/a/a8/Streifenhoernchen.jpg/640px-Streifenhoernchen.jpg)