Борша тышқан
From Wikipedia, the free encyclopedia
Борша тышқан, бұрындық (лат. Eutamias sibiricus) — кеміргіштер отрядының тиін тұқымдасына жататын жануар.
Quick Facts Борша тышқан, Амандық күйі ...
Борша тышқан | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Амандық күйі | ||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||
Eutamias sibiricus (Laxmann, 1769) | ||||||||||||||
Түршелері[2] | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
Синонимдері | ||||||||||||||
Tamias sibiricus Laxmann, 1769 |
Close
Қазақстанда Оңт. Алтай және Қалба Алтайындағы қылқанжапырақты ормандар мен аралас ормандарды мекендейді. Дене тұрқы 12 – 15 см, құйрығының ұзындығы 12 см, салм. 70 – 100 г. Арқасында бойлай орналасқан 5 қара жолағы бар. Ағаш басына тез өрмелеп шыға алады, бірақ ұясын інге салады. Қыркүйек – қазанда қысқы ұйқыға кетіп, сәуір – мамырда оянады. Жылына 1 рет 4 – 6-дан балалайды. Ағаш тұқымын, бүрін, саңырауқұлақ, жидек, астық дәнін жеп қоректенеді. Қысқа қарай қор жинайды. Кәсіптік маңызы шамалы, ауланбайды. Борша тышқан кене энцефалиті мен туляремия ауруларының қоздырғышын таратады.[3]