From Wikipedia, the free encyclopedia
Хан Тәңірі — Шығыс Тәңір тауындағы шың, Қырғызстан мен Қазақстан (Алматы облысына таудың солтүстік-батыс бөлігі, Райымбек ауданына қарайды) және Қытай шекарасында. Солтүстік жер шарындағы ең биік нүкте. Жергілікті қазақ пен қырғыздар бұл тауды кешке күн батарда қызарып кететін өңіне қарап "Қантау", "қантоо" деп те атаған.
Хан Тәңірі шыңы | |
Күн батардағы Хан Тәңірінің көрінісі | |
Сипаттамасы | |
---|---|
Биіктігі |
6995 м |
Орналасуы | |
42°12′41″ с. е. 80°10′30″ ш. б.42.21139° с. е. 80.17500° ш. б. (G) (O) (Я) | |
Елдер | |
| |
|
Негізінен мәрмәрленген әк тастан түзілген. Теңіз деңгейінен 6995м (мұз жамылғысын қоса есептегенде 7010м) биіктікте орналасқан. Хан Тәңірі – Тәңір тауының ең ірі мұздану орталығы, мұздықтарының жалпы ауданы 2500 км2. Шыңға Оңтүстік және Солтүстік Иныльчек мұздықтары арқалы көтерілуге болады. Хан Тәңірін бірінші рет ғылыми түрде сипаттап жазғандар И. Семенов пен Семенов Тянь-Шанскийлер. Шыңға оннан аса маршруттар жасалып, бір маусымда 2000-ға дейін альпинистер мен тау туристерін қабылдайтын халықаралық Хан Тәңірі альпинистік лагері жұмыс істейді.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.