From Wikipedia, the free encyclopedia
Мақта бітесі (лат. Aphis gossypii) – бітелер тұқымдасына жататын жәндік. Мақта, бақша дақылдарын зақымдайды. Мақта өсіретін елдердің барлығында кездеседі. Аталығы болмайды, аналығы тірідей қанатсыз туылады. Ұзындығы 1,2 — 2,1 мм түсі сарыдан қою жасылға дейін болады. Қанатты және қанатсыз аналықтары, кейде дернәсілдері де арамшөптерде қыстайды. Көктемде 12ӘС температурада арамшөптерде көбейеді, 40 — 50 дернәсілге дейін береді. Жаз айларының басында қанатты мақта бітесі мақта егістігіне көше бастайды. Бір маусымда мақта бітесі 22 рет ұрпақ беруі мүмкін. Олар жапырақтарға зиян келтіріп, мақта талшығын ластайды, 50-ге тарта ауру қоздырғыштарын таратып, өсімдіктердің өсу қабілетін нашарлатады. Күресу шаралары: арам шөптерді жұлып, өсімдіктерге дәрі-дәрмек шашу керек.
Мақта бітесі | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||
Aphis gossypii Glover, 1877 | ||||||||||||||
Синонимдері | ||||||||||||||
|
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.