![cover image](https://wikiwandv2-19431.kxcdn.com/_next/image?url=https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/7/79/Starr_031209-0059_Cocos_nucifera.jpg/640px-Starr_031209-0059_Cocos_nucifera.jpg&w=640&q=50)
Кокос пальмасы
From Wikipedia, the free encyclopedia
Кокос пальмасы (лат. Cocos nucifera) – пальмалар тұқымдасының Cocos тармағының жалғыз биологиялық түрі, тропиктік мекенде өсетін ағаш.
![](http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/3/32/Cocos_nucifera_-_K%C3%B6hler%E2%80%93s_Medizinal-Pflanzen-187.jpg/640px-Cocos_nucifera_-_K%C3%B6hler%E2%80%93s_Medizinal-Pflanzen-187.jpg)
![](http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/6/65/Coconut_trunk.jpg/640px-Coconut_trunk.jpg)
Кокос пальмасы Қазбалық ауқымы: 55–0 Ma Early Эоцен – Recent | ||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
![]() | ||||||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||||||
Cocos nucifera L. |
Дара жарнақты кокос пальмасының жемісінен кокос майы алынады. Жемісі - сүйекті жеміс, оның салмағы 1,5-2,5кг. Жеміс құрамында 30-35% май болады. Жемісінде бір ғана тұқым бар. Тұқым қалыптасқан кезде эндосперм мөлдір және сұйық болады да, май пайда болып, біртіндеп кенеулі кокос сүтіне айналады. Португалдарша "коко" - маймыл дегенді білдіреді. Бұл кокос сүйекшесіндегі ұрық өсетін үш тесіктің маймыл бет әлпетіне ұқсастығына байланысты аталған. Пісіп жетілмеген жасыл жемістің ішіндегі сұйықтықты - кокос сүтін адамдар ішеді, тағамға пайдаланады. Кокос пальмасын сәндік өсімдік ретінде өсіреді. Оның биіктігі 20-25 м, діңінің орамы 30-50 сантиметрге дейін жетеді. Қауырсын тәрізді жапырақтарының ұзындығы 3-6 м, жалпақтығы 1,0-1,5 м болады.