From Wikipedia, the free encyclopedia
Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов (13 мамыр 1963 жыл, Ақжайық ауданы, қазіргі Батыс Қазақстан облысы) — қазақстандық мемлекет қайраткері, 2024 жылғы мамырдан бастап Қазақстан премьер-министрінің кеңесшісі.
Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов | ||||
Тоғжанов, 2024 жыл | ||||
Лауазымы | ||||
---|---|---|---|---|
| ||||
16 мамыр 2024 жылдан бастап | ||||
Премьер-Министр | Олжас Бектенов | |||
| ||||
31 тамыз 2022 — 5 қыркүйек 2023 | ||||
Президент | Қасым-Жомарт Тоқаев | |||
Ізашары | Оңдасын Оразалин | |||
Ізбасары | Асхат Шахаров | |||
| ||||
11 ақпан 2020 — 31 тамыз 2022 | ||||
Премьер-Министр | Асқар Мамин | |||
| ||||
14 наурыз 2017 — 13 маусым 2019 | ||||
Президент | Нұрсұлтан Назарбаев Қасым-Жомарт Тоқаев | |||
Ізашары | Алик Айдарбаев | |||
Ізбасары | Серікбай Тұрымов | |||
| ||||
16 қыркүйек 2019 — 11 ақпан 2020 | ||||
Өмірбаяны | ||||
Білімі | Қарағанды мемлекеттік университеті | |||
Мамандығы | құқықтанушы | |||
Дүниеге келуі | 13 мамыр 1963 (61 жас) Шағатай, Ақжайық ауданы, Орал облысы, Қазақ КСР, КСРО | |||
Жұбайы | үйленген | |||
Балалары | қыздары Аяжан (1989 туған), Айғаным (1991 туған), Бақыттыгүл (1994 туған) және Минура (2008 туған) | |||
Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов Ортаққорда | ||||
өңдеу |
Бұдан бұрын Тоғжанов Ақтөбе облысының әкімі (2022–2023), Қазақстан премьер-министрінің орынбасары (2020–2022), Маңғыстау облысының әкімі (2017–2019), Қазақстан Кәсіподақтар Федерациясының төрағасы (2019–2020) болған.[1]
«Ескі Қазақстан» өкілдерінің бірі делінетін[1] Ералы Тоғжанов — елдегі ең даулы шенеуніктердің бірі. Ол әсіресе 2022 жылы жалақысын айтудан бас тартқаны,[2] 2023 жылы Асхат Ниязовқа берген даулы сұхбаты,[3] мемлекеттік қызметте жұмыс істегенде қызметкерлеріне балағат айтқан інісі[4] үшін белгілі.
Ералы Тоғжанов 1963 жылғы 13 мамырда Орал облысының Ақжайық ауданындағы Шағатай ауылында туған. Жетіру тайпасы Табын руынан шыққан.[5]
Қарағанды мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген (1988), құқықтанушы, заң ғылымдарының кандидаты (1995).
Кандидаттық диссертациясының тақырыбы: «Сібір қазақтары облысын басқару және Ресейдің Шығыс саясатындағы оның орны (1822–1868)».
2023 жылғы 23 шілдеде жарыққа шыққан Ақтөбе облысының әкімі Тоғжановтың «Обожаю» бағдарламасының негіздеушісі мен журналис Асхат Ниязовқа берген сұхбатында Ниязовтың кей сұрақтарына жауап берудің орнына журналистің қазақша сөйлегенін талап етті, тақырыпты тіл мәселесіне ауыстыра берді.[6] Осы қылығы үшін әкім әлеуметтік желілерде сынға алынды.[3][7]
Ералы Тоғжановтың саясатпен айналысатын інісі Марат Тоғжанов бар. 2022 жылғы қарашада Бәйтерек ауданының әкімі болған ол қызметкерлерімен дөрекі сөйлеген; диктофонға түскен 1 сағат, 20 минуттық бейнеде ол 140-тан астам рет балағат сөз айтты.[8]
Ералы Тоғжанов үйленген. Жұбайы — Тоғжанова Гүлнар Сапарғалиқызы (1968 жылы туған). Қыздары — Аяжан (1989 жылы туған), Айғаным (1991 жылы туған), Бақыттыгүл (1994 жылы туған) және Минура (2008 жылы туған).[9]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.