Ақжайық ауданы
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Ақжайық ауданы — Батыс Қазақстан облысының орталық бөлігіндегі әкімшілік бірлік. 1997 жылға дейін "Чапаев ауданы" деп аталып, Тайпақ ауданымен біріккен кезде қазіргі атауы берілді.[4] Жерінің аумағы 25,7 мың км2. Орталығы — Чапаев ауылы.
Remove ads
Remove ads
Географиялық орны, климаты
Аудан батысында облыстың Жаңақала, Казталов, солтүстігінде Тасқала, Бәйтерек, Теректі, шығысында Сырым, Қаратөбе және Атырау облысының Қызылқоға аудандарымен, оңтүстігінде Атырау облысының Индер ауданымен шектеседі.
Аудан Каспий маңы ойпатының солтүстік бөлігін алып жатыр. Климаты аса құбылмалы. Орташа ауа температурасы қаңтарда — 13-14°С, шілдеде 23-24°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 200-250 мм. Ақжайық ауданының жерін Жайық өзені жарып ағады.
Remove ads
Тарихы
Ақжайық ауданы 1928 жылы Ілбішін ауданы болып құрылды. 1939 жылы Чапаев ауданы болып өзгертілді. 1997 жылы 7 мамырда таратылған Тайпақ ауданының аумағы қосылып, Ақжайық ауданы болып қайта аталды.
Ақжайық ауданы 1977 жылы 15 ақпанда Чапаев, Тайпақ аудандарының бір бөлігінен құрылды. Орталығы Ақжайық ауылы болды. Халқы — 21868 адам (1979). 1986 жылғы мәлімет бойынша ауданның 9 ауылдық кеңесі болды (Ақжайық, Аңқаты, Восход, Еңбек, Есенсай, Қурайлысай, Октябрь, Фурманов, Шағатай).[5] 1988 жылы Ақжайық ауданы таратылып, ауылдық кеңестері Чапаев және Тайпақ аудандарына қосылды. 1992 жылы 6 шілдеде Чапаев ауданының шығыс бөлігінен қайтадан құрылды. 1997 жылы 7 мамырда қайта таратылып, аумағы түгелдей Теректі ауданына қосылды.[6]
Өсімдігі мен жануарлар дүниесі
Ақжайық ауданының жері шөлейтті белдемге жатады. Топырағы негізінен қызғылт қоңыр, сортаң болып келеді. Өсімдіктерден: селеу, бетеге, еркек шөп, көкпек, жусан т.б. өседі. Жануарлардан: негізінен қасқыр, шиебөрі, түлкі, суыр, бөкен, елік, жабайы шошқа, құстан: қаршыға, құр, үкі, қаз, үйрек, тырна т.б. мекендейді.
Шаруашылығы
Ауданда май және нан зауыттары, тұрмыс қажетін өтеу комбинаты, жол жөндеу учаскесі, астық қабылдау пункті, тамақ комбинаты, орман шаруашылық кәсіпорны жұмыс істейді. Ауыл шаруашылық жерінің ауданы 12,8 мың га (1997), оның ішінде егістік — 14%, шабындық — 11%, жайылым — 72%. Суармалы дәнді дақылдар, картоп, көкөніс және бақша дақылдарын өсіру дамыған. Аудан тұрғындары мүйізді ірі қара, қой, ешкі, шошқа, жылқы, түйе өсірумен айналысады. Аудан жері арқылы Орал — Атырау, Чапаев — Жаңақала, Чапаев — Фурманов автомобиль жолы өтеді. Музыка, спорт мектебі, кәсіптік-техника учильище, кітапханалар, мәдениет үйлері, кинотеатрлар, аурухана т.б. бар. 1931 жылдан қазақ, орыс тілдерінде аудандық “Еңбек”, “Труд” газеттері шығады.
Remove ads
Халқы
Тұрғыны 40574 адам (2019). Ұлттық құрамы: қазақтар (95,76%), орыстар (3,42%), басқалары (0,82%). Тұрғындарының орташа тығыздығы 1 км2-ге 1,8 адамнан келеді.[9]
2023 жылдың қаңтарында тұрғындар саны 36073 адамды (18390 ер адам және 17647 әйел адам) құрады.[10]
Remove ads
Әкімшілік бөлінісі

Аудандағы 45 елді мекен 18 ауылдық округке біріктірілген:
Remove ads
Ірі елді мекендері
Remove ads
Дереккөздер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads