From Wikipedia, the free encyclopedia
Бидайық (лат. Falco pelegrinoides) — сұңқарлар тұқымдасына жататын жыртқыш құс.
Бидайық | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Амандық күйі | ||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||
Falco pelegrinoides Конрад Якоб Темминк, 1829 |
Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының таулы аудандарында кездеседі. Таулы-тасты жерлерді, жарлар мен құздарды мекен етеді.[2]
Шәулісінің (қоразының) қанатының ұзындығы 27 — 30 см, салмағы 330 — 350 г, ұябасары шәулісіне қарағанда ірілеу. Арқасы көлденең жолақты сұр, ал бауыры күрең, қызғылт күрең түсті келеді. Төсінде дөңгелек дақтары бар. Бидайықтың лашыннан ерекшелігі: төбесі жирен, көзінің астында ұзынша келген қос қара “мұртшасының” шеті күрең түсті болады. Ұясын биік, тік жартастарға салады, басқа құстардың ұяларын да пайдалана береді. Бидайық оңтүстікте — отырықшы, ал шығыста — жыл құсы. Олар бір рет жұптасып, наурыздың ортасында шәулісі мен ұябасары 1 — 4 жұмыртқаны 30 — 33 күндей кезектесіп басады. Балапандары 1,5 айда ұядан ұшады. Құстарды (бозторғай, кептер, бұлдырық, кекілік, кейде жарқанатты) қорек етеді. Жемтігін ұшып жүріп ұстайды. Тіршілігі әлі толық зерттелмеген.
Бидайық Ақсу-Жабағылы, Алматы қорықтарында қорғалады. Алматы хайуанатттар паркінде бидайықтың 2 жұбы тіршілік етеді. Бидайық сирек кездесетін құс болғандықтан, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген (1996).[3]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.