Лашын

From Wikipedia, the free encyclopedia

Лашын
Remove ads

Лашын[2] (лат. Falco peregrinus) – сұңқар тұқымдасына жататын жыртқыш құс. Қазақстанда Іле алабының төменгі ағысында, ЕртісЕсіл өзендері алабында, Алакөл, Қызылтұз, Зайсан көлдері маңындағы адырларда, Алтай, Алатау, Тарбағатай тауларының бөктерлерінде кездеседі. Қанаты ұзын, үшкір, үстіңгі беті сұр, астыңғы жағы ақшылдау келген, көлденең қара жолақты. Көзінің астында ұзынша қос қара «мұртшасы» (қауырсыны) болады. Денесінің ұзындығы 40 – 50 см, қанаттары жайылғанда 90 – 110 см. Шәулісі ұябасарынан кішірек. Шәулісінің салмағы 500 – 800 г, ал ұябасарыныкі – 540 – 1090 г. Аяқтары қысқа, тырнақтары майысқан, өткір.[3] Сағатына 300 км-ге дейін жылдамдықпен ұшады. Лашын жартас, құздағы қолайлы қуысқа, қияда өскен ағаш басына ұя салады. Кейде өзге құстардың ұясын да иемденеді. Ұясына 2 – 4 (көбінесе 3) жұмыртқа (секпілді, қызғыш) салады. Оны ұябасары 28 – 32 күндей басады. Балапандар бір жарым айда ұядан ұшады. Негізгі қорегін (торғай, қарға, кептер, шіл, кекілік, үйрек, т.б.) ұшып жүріп аулайды. Лашын Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген (1996).[4][5]

Quick Facts Лашын, Амандық күйі ...
Remove ads
Thumb
Falco peregrinus
Thumb
Falco peregrinus madens

Лашын жыртқыш құс болғандықтан саятшылыққа көп шығатыны мәлім. Бірақ, оларға алдырмайтын құстың бар екендігі таңғалдырады. Лашын құсқа дуадақ алдырмайды. Себебі, аулайын дегенде дуадақ лашынның көзіне саңғиды екен. Бұндай санғыға ұшыраған лашын ешқашан дуадаққа жоламайды. Мұны болашақ құсбегілерге кішкене ескерту деп қабылдаңыздар!

Remove ads

Дереккөздер

Loading content...
Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads