From Wikipedia, the free encyclopedia
Ақшатау вольфрам-молибден кен орны - Қарағанды облысындығы Шет ауданы жерінде орналасқан.
Кенді құрылымдары Ақшатау гранит массивінің гранит-порфир, гранит-аплит және пегматит желілеріндегі штокверк тәрізді кварц сызаттары мен сызықтарынан тұрады. 300-ден астам желілі және грейзен-желілі кен денелерінің ұзындығы ондаған метрден жүздеген метрге, қалыңдығы бірнеше метрге жетеді. Олардың ірілері бұтақтана тарамдалған.
Ақшатау вольфрам-молибден кенінде 95 минерал белгілі; негізгілері кварц, мусковит, топаз, пирит, вольфрамит, молибденит, флюорит; сирек кездесетіндері – турмалин, калий шпаты, цеолит, шеелит, касситерит, т.б. Сондай-ақ таза ірі пирит, раухтопаз, морион кристалдары да бар. Өндірістік маңыздылары – вольфрамит пен молибденит. Вольфрамит грейзен денелерінде ұсақ түйіршіктер мен сызықтар, ал желілерде мөлшері 10 – 20 см-ге жететін жеке кристалдар мен кристалдар шоғырын құрайды. Молибденит кварц грейзендерінде ұсақ түйіршіктер мен қабыршақтар түрінде, ал кен денесінің бетінде шоғырланған және тұтас сызаттар түрінде кездеседі. [1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.