From Wikipedia, the free encyclopedia
Топаз (гр. topazos – Қызыл теңіздегі аралдың атауы) – силикаттар класына жататын минерал. Хим. формуласы: Al2[SіO4](F,OH)2; құрамы (%-бен): Al2O3 – 62 – 48,2, SіO2 – 39 – 28,2, F – 13 – 20,4, H2O – 2,45; қоспалары: Fe2+, Fe3+, Cr, Mg, Tі, V, Ge. Ромбылық сингонияда кристалданып, кристалдары призма пішінді, агрегаттары әдемі друзалы, түйірлі тығыз масса түрінде болып келеді. Кристалдық құрылымының негізінде фтор, оттек атомдарынан тұратын төрт қабатты тығыз түйіннің октаэдрлік қуысында Аl атомдары, тетраэдрлікте Sі орналасқан болып келеді. Кристалдары қысқа бағаналы, призма пішінді қырлары өте көп, ең үлкені 120 кг. Түссіз, ашық көк, күлгін, сары, қызғылт сары, алқызыл, көбінесе мөлдір; жіктілігі жетілген, шыныдай жылтыр, қатт. 8, тығызд. 3,5 г/м3.
Topaz | |
---|---|
Негізі | |
Санаты | Минерал |
Химиялық формуласы | Al2SiO4(F,OH)2 |
Ерекшеліктері | |
Түсі | Clear (if no impurities), blue, brown, orange, gray, yellow, green, pink and reddish pink. |
Сингониясы | orthorhombic |
Үгітіндісі | [001] Perfect |
Агреттары | conchoidal |
Моль шкаласы бойынша минерал қаттылығы | 8 (defining mineral) |
Streak | white |
Diaphaneity | Transparent |
Үлес салмағы | 3.49–3.57 |
Оптикалық сипаты | Biaxial (+) |
Refractive index |
nα = 1.606–1.629 nβ = 1.609–1.631 nγ = 1.616–1.638 |
Birefringence | δ = 0.010 |
Pleochroism | Weak in thick sections |
Басқа сипаттамалары | Fluorescent, short UV=golden yellow, long UV=cream |
Дереккөздер | [1][2][3][4] |
Топаз пневматолит және пегматит желілерінде кварц, дала шпаты, слюда, касситерит, турмалин, берилл, шеелит, т.б. грейзен құрамына кіретін минералдармен бірге кездеседі.[5] Топаздың түссіз мөлдір және бояуы әдемі кристалдары 2 – 3-класты асыл тастар ретінде зергерлік бұйымдар жасауда қолданылады. Қрі кен орындары Украинада (Волынь), Оралда, Байкал сыртында, Бразилияда, Жапонияда, Мадагаскарда, т.б. аймақтарда орналасқан.[6]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.