From Wikipedia, the free encyclopedia
Аккад империясы — осыдан шамамен 4300 жыл бұрын Месопотамияда құрылған алғашқы империя, тарихта құрылған бірінші империя деп есептеледі. Ол Аккад қаласын центр етіп, оның айналасын да қамтыған болып, тарихи кітаптарда біртұтас Аккад деп аталады. Империя Аккадттықтар мен Шумерлерді біріктіріп басқарған болатын. Аккад империясы бүкіл Месопотамияға, Левантқа, және Анатолияға дейін ықпал етті, Арабия түбегіндегі Ділмун мен Маганға (қазіргі Бахрейн мен Оман) әскер аттандырады.[3]
Аккад империясы Аккадша: 𒆳𒌵𒆠 - māt Akkadi. Шумерше: 𒀀𒂵𒉈𒆠 - a-ga-de. Империя | |||||||
| |||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|
| |||||||
Астанасы | Аккад қаласы | ||||||
Тіл(дер)і | Аккад тілі, Шумер тілі | ||||||
Діні | Ежелгі Месопотамия діні | ||||||
Аумағы | 30 000км2 - 650 000км2 | ||||||
Халқы | Аккадтықтар, Шумерлер, басқалар | ||||||
Басқару формасы | Монархия | ||||||
- 2316 - 2261ж б.з.д. | Аккадтық Саргон (Шарруккин) | ||||||
әлемнің төрт тарапының билеушісі | |||||||
Тарихы | |||||||
- | Қола дәуірі | ||||||
Б.з.д. 3-ші мыңжылдықта, Аккадтықтар мен Шумерлер қос тілді ортақ мәдениет қалыптастырады.[4] Аккад тілі шығыс семит тілі жүйесінде болып,[5] біртіндеп Шумер тілінен күшейе бастады, оның нақты уақыты әлі таласты болса да, зерттеушілер 3-ші және 2-нші мыңжылдықтар арасы деп топшылайды.[6]
Аккад империясын б.з.д. 2330 жылдар шамасында Аккад қаласы билеушісі Аккадтық Саргон қалаған болатын. Ол әуелі Киш (Шумер) елі билеушісін талқандап, Аккад княздігін құрады. Кейін Умма патшасы Лугальзагесиге соққы беріп, Оңтүстік Месопотамияны жаулап алады.[7]
Аккад империясының саяси көркею мезгілі б.з.д. 24-ші ғасырдан б.з.д. 22-ші ғасырлар арасында болып, Аккадтық Сарагонның жаулау шайқастарынан басталады.[8] Саргон және оның мұрагерлері Аккад тілін Елам (Elam) және Гутиум (Gutium) секілді көрші мемлекеттерге таратты.
Аккад тарихтағы бірінші империя деп есептеледі, бірақ нақты мағынасы әлі талас үстінде, әсіресе олардан ерте құрылған Шумер мемлекеті әлі де зерттелу үстінде.[9][10]
Аккад империясын Гутилер құлатқан соң, Месопотамия халқы екі негізгі Аккадтілді ұлт болып қалыптасты: солтүстікте Ассирия және бірнеше ғасыр кейін құрылған оңтүтігіндегі Вавилон.
Қазіргі таңда ғалымдар шумер және аккад тілдерінде жазылған аккад дәуірінің 7000-ға жуық мәтінін құжаттады. Ассирия және Вавилония секілді кейінгі мемлекеттердің көптеген мәтіндері де Аккад империясына қатысты айтады.[11]
Зор талпынысқа қарамастан, Аккад империясын түсіну оның астанасы Аккад қаласының орыны әлі анықталмауының шектемесіне ұшырап отыр.[12][13] Археологиялық орындардың дәлме-дәл анықталуы артефакт жиынтықтарын Алғашқы Династия кезеңнен басталады деп ойлау мен Аккадтық деп есептеу арасында нақты айырмашылықтық болмауының шектемесіне ұшырады. Сосын, Аккадтық деп саналатын материалдар Ур III кезеңінде де қолданылуын жалғастырады.[14]
Аккад құлағаннан кейін Ассирияның бір бөлігі болды делінетін қазіргі Сирияның солтүстік-шығысындағы жоғарғы Хабур аймағында таяуда жүргізілген қазба жұмыстарынан Аккад империясына қатысты жаңа мәліметтер қолға түсті. Мысалы, Тел Мозандағы (ежелгі Уркеш) қазба жұмыстары арқылы Тарам-агаде (Tar'am-Agade) делінетін Нарам-Синнің бұрыннан белгісіз қызы бейтаныс жергілікті билеушімен (эндан) үйленген болуы мүмкін екендігі белгілі болды.[15] Телл Лейланға (Tell Leilan, ежелгі Шехна / Шубат-Энлил, Shekhna/Shubat-Enlil) жақын маңдағы қазба нәтижелерін пайдаланып, ғалымдар 4.2 мың жылда бір қайталанатын құрғақшылық кенет Аккад империясында болуынан империя құлаған болуы мүмкін деп есептеді.[16] Бұл климаттықтың Месопотамияға, әсіресе Аккад империясына әсері қазір қызу талқыланып жатыр.[17]
Тел Бракт жүргізілген қазба жұмыстары бойынша, аккадтықтар әкімшілік орталық ретінде пайдалану үшін осы жерде қайтадан қала (Брак", немесе "Нагар") салады. Қалада екі үлкен ғимарат болған: біреуі ғибадатхана, сарай, аула кешені және үлкен пештер кешені.[18][19]
Библияның "Жаратылым" 10:10-12 бөлімінде Аккад "ұлы қала" деп сипатталады:
"Нимрод патшалығының бастауы Бабыл, Эрех, Аккад, Шынар жеріндегі Калне. Осы жерден аттанған ол Ассирияға барып (сол ұлы қалаларға ұқсас) Ниневи, Рехебут-Ир, және Нинавеһ пен Калаһ арасындаы Ресенді құрды."[20]
Нимродтың кімдігі белгісіз немесе таласты тақырып, кейбіреулер Нимродты Аккадтық Саргон десе,[21] басқалары оны Урук қаласының негізін қалаған аңыз тұлға Гильгамешпен салыстырған.[22][11]
Аккад кезеңі деп ежелгі Таяу Шығыстың орта хронологиясы бойынша б.з.д.2334-б.з.д.2154жж аралығына, немесе Ежелгі Таяу Шығыстың қысқа хронологиясы бойынша б.з.д.2270-б.з.д.2083 аралығын айтамыз. Оның алдында Месопотамияның ерте династикалық кезеңі (ED) болғаны, ал одан кейін Ур ІІІ кезеңі болғаны мәлім. Мысалы: Аккадтық Саргон дәурендеуі кейінгі ED кезеңіне тұспа-тұс келеді, ал Ақкадтың соңғы патшалары Гутилер патшалығы патшаларымен бір мезгілде екі қалаға - Урук пен Лагаш - билік жүргізеді. Аккадтық кезең қазіргі замандағы EB IV (Израильде), EB IVA және EJ IV (Сирияда), және EB IIIB (Түркияда) қатарлыларға сай келеді.[11][23]
Аккад патшаларының үстемдік тәртібі анықталған. Бірақ олар билеген уақыт мөлшермен алыған (негізінен б.з.д.1200 жылдан бұрынғы қола дәуір деректері анық емес.[24]
Әміршілер | Орта Хронология Барлық уақыт б.з.д. |
Әулет ағашы | |
---|---|---|---|
Аккадтық Саргон | 2334–2279 | ||
Римуш | 2278–2270 | ||
Маништушу | 2269–2255 | ||
Нарам-Син Аккадтық | 2254–2218 | ||
Шар-Кали-Шарри | 2217–2193 | ||
Дуду Акккадтық | 2189–2169 | ||
Шу-Туруl | 2168–2154 |
Аккад империясы атауы өңір атауынан және Аккад қаласының атауынан шыққан болып, екеуі де Тигр және Евфрат өзендері түйіскен тұсқа орналасқан. Аккад қаласы әлі жер бетінде анықталмағанымен, оны түрлі тарихи мәтінді дереккөздерден байқауға болады. Олардың арасында Саргон патшалығына қатысты да мәтін бар. Аккад есімі аккад тілінен шыққан сөз емес және Аккад қаласы Саргонға дейін де бар болған болуы мүмкін.[12][27]
Аккадтың Саргон Урук шайқасында Лугал-заге-сиді (Lugal-zage-si) жеңіп және тұтқындап, оның империясын басып алады. Аккад тіліндегі ең алғашқы жазбалар Саргон заманын жазып қалдырған. Саргон Лаибум (La'ibum), немесе Итти-Белдің (Itti-Bel) ұлы, бағбан болған, бәлкім иштар мен инанның діни қыдметкері болған. Ассирия заманындағы Саргонға қатысты бір аңызда бұл туралы айтылады:
Менің анам періште сипатты еді, ал әкемді білмейтінмін. Әкемнің ағалары тауды жақсы көрген екен. Менің қалам - Евфрат жағалауында орналасқан Азурпирану (Azurpiranu, жабайы шөп өскен шөл дала) болатын. Менің періште сипатты анам маған жүкті болған соң, мені жасырын түрде дүниеге әкеледі. Ол мені ши себетке салып, қарамаймен қақпағын жабады. Сосын мені бойымнан аспайтын өзенге тастайды. Өзен мені қалқытып су тартатын Ақкиге (Akki) апарады. Су тартатын Акки мені өзінің баласы ретінде қабылдап, тәрбиелеп өсірді. Ақки су тартты, ал мені өзінің бағбаны етіп тағайындады. Мен бағбан болған кезімде Иштар маған махаббатын бағыштады, және төрт (елу?) ... жыл мен патшалық құрдым.[28]
Саргонға қатысты келесі деректер оның анасы «энту» (entu) діни қызметкері (бас діни қызметкер) екенін айтады. Бұл деректер оның асыл ақсүйек тұқымнан екенін әдейі білдіру үшін айтылуы мүмкін, өйткені ондай жоғары деңгейге тек жоғары дәрежелі отбасы мүшесі ғана қол жеткізе алады.[29]
Алғашында Саргон семиттік Ур-Забаба атты Киш (шумер) патшасына шарапшы (Rabshakeh, ордада шарап құюшы) болады, кейін суару арналарын тазарту міндетіне жауап беретін бағбан болады. Ол заманда король шарапшысы болу көрнекті саяси мансап есептелген, ол әрі патшаға жақын болады, әрі лауазымы аталмайтын әр түрлі жоғары міндеттерді иелейді.[30] Бұл оның тәрбие көрген біртоп қызметкерге ие болуына жол ашады, бәлкім солар Саргонның алғашқы әскері болған болуы мүмкін. Саргон Ур-Забабаны тақтан түсіріп, өзі патша болады және содан бастап ол айналасындағы елдерді жаулау соғысына аттанады.[31] Саргон Сирия мен Қанаан (Canaan) жеріне төрт рет басып кіреді және үш жылда "батысындағы" елдерді бойсұндырып, оларды Месопотамиямен түбегейлі біріктіріп, біртұтас империя құрады.
Бірақ Саргон бұл процессті одан ары жалғастырып, айналасындағы көптеген аймақтарды соғыспен жаулап, батыста Жерорта теңізіндегі Кипрге (Cyprus, Kaptara) дейін жетеді; солтүстікте алыстағы тауларға дейін жетеді, (кейінгі Хетт (Hittite) тілі мәтіндерінде айтылғанындай, Саргон Пурушанда (Burushanda) патшасы Нұр-Дағанмен (Nur-Dagan, кейде Nurdaggan) соғысып, Анатолияға ішкерлеп енеді); шығыста ол Эламнан (Elam) өтеді; оңтүстікте Маганға (Magan, Оман) дейін барады. Маган бұл империяға 56 жыл тәуелді болады, ал оны Саргон 4 жыл билейді. Ол басып алған бұл территориялардың бұрынғы қарсылас билеушілерінің орнын Аккад қаласының адал ақсүйектеріне алмастыру арқылы өз билігін нығайтады.[32]
Сауда-саттық істері Анадолының күміс кеніштерінен бастап қазіргі Ауғанстандағы Лапис Лазули шахталарына, Ливан балқарағайлары мен Маган мысына дейін кеңейді. Шумер және Аккад қала-мемлекеттерінің бұл шоғырлануы Месопотамияның өсіп келе жатқан экономика және саяси күшін көрсетті. Империяның қоржыны Ассирияның жаңбырмен қоректенетін ауылшаруашылық жүйесіне түскен табыспен толды және бидай өндірісін бақылау үшін бекіністер тізбегі салынды.
Саргонның ескерткіштері оның жеңістерінің құрметіне Жерорта теңізі жағалауында орнатылды, жаулап алынған жерлердің олжасымен қалалар мен сарайлар салынды. Элам мен Месопотамияның солтүстік бөлігі (Ассирия / Субарту) де бағындырылды және Шумерде болған көтерілістер бастырылды. Канааан (Canaan) мен Гутиюм (Gutium) патшасы Сарлакқа (Sarlak) қарсы жорықтар басталған жылдарға қатысты келісімшарттық тақтайшалар табылды. Саргон сонымен бірге «төрт төңіректі жауладым» деп мақтанды: Аккадқа солтүстікте Ассирия, оңтүстікте Шумер, шығыста Элам және батыста Марту бағынды. Кейбір тарихнамалық мәтіндерде, ол Вавилон қаласын (Баб-илу, Bab-ilu) қалпына келтіргені айтылады.[36]
Саргон бүкіл өмірінде шумер құдайларына, әсіресе қамқоршы Құдайы Инаннаға (Иштар, Inanna, Ishtar), Киш соғыс құдайы Забабаға (Zababa) ерекше құрмет көрсетті. Ол өзін «Анудың (Anu) діни қызметкері» және «Енлилдің (Enlil) құдіретті энсиімін (ensi)» деп атады. Саргонның қызы Энхедуанна (Enheduanna) Урдағы (Ur) ғибадатханада Наннаға (Nanna) діни қызметкер болды.
Саргон билігінің соңғы кезінде қиыншылықтар көбейді. Кейінгі Вавилон мәтінінде былай делінген:
Ол қартайған шағында барлық жерде оған қарсы көтеріліс болып, оны Ақкадта (қала) қоршауға алады. Бірақ ол соғысқа аттанды және оларды жеңді, оларды тізе бүктірді және олардың үлкен әскерін жойды.
Бұл оқиға Элам соғысында болған, онда Саргонды Аван патшасы бастаған коалициялық армияны жеңіп, жеңілгендерді вассалы болуға мәжбүрледі.[37]
Сәл кейін тағы бір қарсылық басталды:
Жоғарғы елдегі Субарту (Subartu, Ассирияның таулық тайпалары) толассыз шабуыл жасады, бірақ олар Саргон әскеріне ақыры бойсұнды, Саргон олардың қонысына база құрды, әрі оларды қатты қырғындады.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.