Аккад
From Wikipedia, the free encyclopedia
From Wikipedia, the free encyclopedia
Аккад патшалық | ||||
| ||||
---|---|---|---|---|
Астанасы | Аккадэ | |||
Тіл(дер)і | Аккад тілі, Шумер тілі | |||
Басқару формасы | Монархия | |||
- б.з.д. 2316 жыл- б.з.д. 2261 жыл | Саргон I (Шарруккин) | |||
әлемнің төрт құбыласының билеушісі | ||||
- б.з.д. 2261 жыл- б.з.д. 2252 жыл | Римуш | |||
ел билеушісі | ||||
- б.з.д. 2252 жыл- б.з.д. 2237 жыл | Маништушу | |||
ел билеушісі | ||||
- б.з.д. 2237 жыл-б.з.д. 2200 жыл | Нарамсин | |||
ел билеушісі | ||||
- б.з.д. 2200 жыл- б.з.д. 2176 жыл | Шаркалишарри | |||
ел билеушісі | ||||
- б.з.д. 2176 жыл- 2173 жыл | Игиги | |||
Аккад патшалығы — семиттердің көне заманда Месопотамияда құрған алғашқы мемлекеті. Негізін біздің заманымыздан бұрын 2330 жылдар шамасында Аккад қаласының билеушісі Саргон І қалаған. Әуелі ол Киштің билеушісін талқандап, Аккад княздігін құрды. Одан кейін Умма патшасы Лугальзагесиге соққы беріп, Оңтүстік Месопотамияны жаулап алды. Саргон І-нің және оның ұрпақтарының тұсында семиттер билеген алғашқы мемлекет аумағы солтүстік және батыс (Жерорта теңізі) бағыттарында кеңи түсті. Аккад патшалығы құрылған кезден бастап шумер тілін аккад тілі ығыстырып шығарды. Халықтың дүниетанымында да біраз өзгерістер орын алды. Шумерліктер мен аккадтықтардың табынатын құдайлары “араласып” кетті. Бірақ мемлекет ұзақ өмір сүре алмады. Саргон І-нің кезінде-ақ жаулап алынған халықтар бірнеше рет көтеріліс жасады. Оның немересі Нарамсиннің тұсында (б.з.б. 2250 ж. ш.) ыдырай бастаған Аккад империясы көп ұзамай ұсақ мемлекеттерге бөлініп кетті. Біздің заманымыздан бұрын 2220 жылы Аккад қаласын гутилер басып алғаннан кейін, Оңтүстік Месопотамияның басты орталығы Вавилон болды.[1]
Б.з.б. XXIV ғасырда Қосөзенде орталығы Аккад қаласы болған ірі мемлекет құрылды. Оның Шаруккин (Саргон) есімді патшасы Шумер жерін қосты. Сөйтіп, Шумер - Аккад патшалығын құрды. Қосөзен жері енді өзара қырқысу соғыстарын тоқтатып, бейбіт өмір сүруге мүмкіндік алды. Бұрын шағын мемлекеттердің әрқайсысы өздеріне лайық қажетті каналдарды өздері қазатын. Енді әрі үлкен, әрі ұзын каналдар жасалды. Бұл жер шаруашылығын кеңейтіп, одан көп өнім алуға көмектесті. Енді адамдардың көпшілігі егіншілікпен айналысты. Бұрын шағын қала мемлекеттер кезінде саудагерлердің бір қаладан екінші қалаға баруы қиын болса, енді олар бүкіл елді еркін аралай алды. Сөйтіп, сауда дамыды. Шаруккин біріккен Қосөзен халықтарынан қуатты әскери күш жасақтады. Сол күшпен Батыста "Күміс таулар" деп аталған Сирия жеріндегі тауларға дейін жорық жасады. Ол мықты патшалық билік орнатты. Оны, тіпті "әлемнің төр құбыласының билеушісі" деп те атады. Қосөзендегі ірі Аккад мемлекетінің гүлденуі Нарамсин атты билеушінің тұсында болды. Оның билігінің алғашқы жылында бірнеше қала- мемлекеттер көтеріліске шықты. Ол көтерілістерді басқан соң Нарамсин жаңа жерлерді жаулап алуға кірісті. Батыстағы Сирия жерін басып алып, Жерорта теңізіне дейін жетті. Солтүстікте Урарту жеріне дейін әскерін бастап алып барып, Тигрдың бойын тұтастай бағындырды. Оңтүстікке де жорықтар жасап, алыстағы Египетке жол ашты. Ол жақтан асыл тастар мен алтын алдырып тұрды. Шығысындағы Элам жеріне шабуылға шығып, оның билеушісімен келісімшарт жасады. Осылайша елдің төрт құбылысындағы ірі елдері өзіне бағынышты етті. Оның бұл әрекеті ел ішіндегі және көрші елдердегі беделін арттырды. Сыртқы елдермен сауда байланыстары күшейе түсті.[2]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.