From Wikipedia, the free encyclopedia
1998 жылғы футболдан әлем чемпионатының шешуші матчы. Матч 12 шілдеде Париждегі "Стад де Франс" стадионында өтті. Франция 3:0 есебімен Бразилияны ұтып, тарихта бірінші рет әлем чемпионы атанды.
Ойынның бірінші бөлімінде екі жақ тең деңгейде ойнады. Бразилиялық сұрмерген Роналдо финалға дейін денсаулығы онша болмаса да алаңға шыққан-ды, сол себептен де толық ашылып ойнай алмады. Оның үстіне оған Францияның мықты қорғаушылары мүмкіндік берген жоқ.
Бірінші таймда-ақ алаң иелерінің жетекші футболшысы Зинедин Зидан екі рет гол соғып, командасын алға шығарды. Екінші таймды бразилиялықтар шабуылмен өткізді, бірақ алаң иелері сыр бермеді. 68-минутта Марсель Десаий алаңнан қуылып, француздар 10 адаммен қалса да бразилиялықтар есепті қысқарта алмады. Соңғы минуттарда алаң иелері қарсы шабуыл ұйымдастырып, Эмманюэль Пети үшінші допты соқты. Нәтижесінде Франция құрамасы 3:0 есебімен ірі жеңіске жетті.
12 маусым 1998 жыл | ||||
Бразилия | 0:3[1] | Франция | Стад де Франс, Сена-Сен-Дени Көрермендер: 75000 Төреші: Саид Белькола (Марокко) | |
Зинедин Зидан 27' 45+1' Эмманюэль Пети 90+3' | ||||
|
|
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.