From Wikipedia, the free encyclopedia
Тілқияр (лат. Hierochloe) – астық тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Суық және қоңыржай аймақтарға тараған 30 түрінің Қазақстанда суармалы жерлерде, далалық және субальпілік шалғындарда, таудың биік беткейлерінде өсетін 2 түрі бар. Жиі кездесетіні – иісті Т. (Н. odorata). Кейде бұл өсімдікті арамшағыр деп те атайды. Биіктігі 25 – 70 см. Төсемелі ұзын тамырсабақты. Сабағы түксіз, беті тегіс, жылтыр. Сабақтың түбінен шығатын жапырақтар созылыңқы, үшкір, ал сабақ бойындағылары – ұзынша, жіңішке. Гүлшоғыры – шашыраңқы, қоңыр түсті сыпыртқы. Масағы жұмыртқа тәрізді, үш гүлді. Гүлдері қосжынысты. Мамыр – маусым айларында гүлдеп, жеміс салады. Тілқиярдың құрамында иісті зат – кумарин болғандықтан мал жемейді. Тілқиярды дәрі және иісті шарап (“Зубровка”) жасауға пайдаланады.[1]
Тілқияр | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
иісті тілқияр
| ||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
Синонимдері | ||||||||||||||
|
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.