Текелі
From Wikipedia, the free encyclopedia
Текелі — Қазақстан Республикасы, Жетісу облысына бағыныстағы қала (1952 жылдан).
Географиялық орны
Қала | |||
Текелі | |||
| |||
Әкімшілігі | |||
---|---|---|---|
Ел |
ҚазақстанҚазақстан | ||
Облысы | |||
Әкімі |
Әділ Алмас Ғабдолұлы[1] | ||
Тарихы мен географиясы | |||
Координаттары |
44°50′ с. е. 78°49′ ш. б.44.833° с. е. 78.817° ш. б. / 44.833; 78.817 (G) (O) (Я) | ||
Құрылған уақыты |
1937 | ||
Қала статусы |
1952 | ||
Жер аумағы |
174 км² | ||
Уақыт белдеуі | |||
Тұрғындары | |||
Тұрғыны |
30 317[2] адам (2023) | ||
Ұлттық құрамы |
қазақтар 57,52 % | ||
Сандық идентификаторлары | |||
Телефон коды |
+7 72835 | ||
Автомобиль коды |
19 | ||
Текелі қаласының әкімдігі | |||
Талдықорған қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 40 км қашықтықта орналасқан. Аумағы 0,1 мың шаршы км (61,33 га). Қала Текелі өзенінің сол жағалауында, Жетісу Алатауының батыс сілемдері шатқалының бірінде, теңіз деңгейінен 950-1600 м биіктікте орналасқан.
Халқы
2009 | 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Ерлер 2009 | Ерлер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Әйелдер 2009 | Әйелдер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен |
---|---|---|---|---|---|---|---|---|
26062 | ▲29253 | 112,2 | 12292 | ▲13339 | 108,5 | 13770 | ▲15914 | 115,6 |
Текелі қаласының басшылары
- ?
- Әжіғұлов Қанатбек Бәзілжанұлы
- ?
- Бескемпіров Серікжан Исламұлы (27.09.2005 — 25.01.2012 лауазымынан босатылды);[5].
- Айтжанов Қаныбек Құлжабайұлы (25.01.2012 — 27.06.2013 лауазымынан босатылды)[6].
- Қайнарбеков Талғат Қанатоұлы (27.06.2013 — 09.11.2016 лауазымынан босатылды)[7].
- Өнербаев Бақтияр Алтайұлы (09.11.2016 — 21.09.2020 отставкаға өтініш берді)[8].
- Молдахметов Батыр Қаиркенұлы (21.09.2020 — 05.09.2022 лауазымынан босатылды)[9].
- Әділ Алмас Ғабдолұлы (05.09.2022)
Тарихы
- 1911 жылы іргесі қаланып, 1927 жылы кент дәрежесіне көтерілді.
- 1933 жылы инженер-геологтар М. Юдичев пен М. Қаділбековтің зерттеу-барлау жұмыстарының нәтижесінде Текелі өзенінің оң жағалауынан қорғасын, мырыш, күміс, кадмий, германий кендері табылды.
- 1937 жылы Текелі қорғасын-мырыш басқармасының құрылысы басталып, 1942 жылы қорғасын-мырыш комбинаты құрылды.
- 1939 жылы емхана салынды, 1941 жылы бірінші орта мектеп ашылды.
- 1942 жылы Жоңғар тауларының етегінде Текелі қорғасын-мырыш комбинаты және оның жанында жұмыс поселкісі құрылды. Кәсіпорын Текелі, Көксу және Тұйық кен орындарын өндірді. Екінші дүние жүзілік соғыс уақытында соғыс кезіндегі атылған оқтың әрбір сегізіншісі осы комбинатта жасалды. [10]
Климаты
Текелінің климаты континенттік, қысы суық, жазы жылы. Қаңтар айының жылдық орташа температурасы −11-13С, шілденікі — 20-22С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 650-1900 мм. Қаланың маңында, Қора өзеңінің шатқалында биіктігі 90 метр болатын Бұрқанбұлақ атты сарқырама бар.
Табиғаты
Қалаға жақын әсем тау шатқалдарында Жетісубақа тісі (тритон), марал, таутеке, елік, қоңыр аю, борсық, күзен, суыр, түлкі, қасқыр, тиін, сілеусін, қоян, жабайы шошқа, т.б. аңдар кездеседі. Сондай-ақ, мұнда шырша, қайың, терек, тал, көктерек, қарағай, алма ағашы, т.б. жалпақ жапырақты орман қалыптасқан. [11][12]
-
Текелідегі қазақ үй
-
Орталық алаң
-
Наурыз, 2013 жыл
Қаланың көрнекі орындары
Текелі қаласында бірнеше көрнекі жерлер бар, атап айтқанда:
- Дінмұхамед Қонаев атындағы ұзындығы 38 км болатын көше. Ресми түрде Қазақстанның ең ұзын көшесі болып саналады.
- «Келіншектас», "Будда тасы - Қазақстан аумағындағы көне будда ескерткіші.
- "Бұрханбұлақ" - Қазақстанның ең үлкен су сарқырамасы, Текелі қаласынан жоғары Қора өзені шатқалының етегінде орналасқан.
- Үш өзен қосылатын қаланың орталығында орналасқан Ұлы Отан соғысына арналған ескерткіш-тас (1941—1945 жж.)
Сыртқы сілтеме
Дереккөздер
- Текелі қаласына жаңа әкім тағайындалды (5 қыркүйек 2022).
- https://voxpopuli.kz/malenkaya-rodina-tekeli-13303/ Мұрағатталған 3 тамыздың 2023 жылы.
- «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том
- «Жетісу энциклопедиясы». «Арыс» баспасы. Алматы. 2004