From Wikipedia, the free encyclopedia
Сабах (малайша Sabah, negeiri di bawah bayu ) — Малайзияның шығысында орналасқан штат. Ол мемлекеттің екінші ең үлкен штаты болып келеді. Сабахты жиі «Negeri di bawah bayu» немесе «Желдер астындағы ел» деп атайды. Британ колониясы болғанда Британ Солтүстік Борнеосы деп аталатын. 1963 жылдан бастап Малайзия федерациясының штаты.[1]
Малайзия штаты | |||||
Сабах | |||||
малайша Sabah, negeiri di bawah bayu
джави:سابه | |||||
| |||||
Sabah Tanah Airku | |||||
Әкімшілігі | |||||
---|---|---|---|---|---|
Ел | |||||
Кіреді |
5 аймақ | ||||
Әкімшілік орталығы |
Кота-Кинабалу | ||||
Губернатор |
Джухар Махируддин | ||||
Шеф министрі |
Хаджиджи Ноор | ||||
Тарихы мен географиясы | |||||
Координаттары |
5°15′ с. е. 117°00′ ш. б.5.250° с. е. 117.000° ш. б. (G) (O) (Я) | ||||
Жер аумағы |
73 619 км² (2 орын) | ||||
Биіктігі · Ең биік |
| ||||
Уақыт белдеуі |
+8 | ||||
Тұрғындары | |||||
Тұрғыны |
3 206 742 адам (2010)(3 орын) | ||||
Тығыздығы |
43,56 адам/км² (14 орын) | ||||
Сандық идентификаторлары | |||||
Аббревиатура |
SBH | ||||
ISO 3166-2 коды |
MY-12 | ||||
Штаттың толық ауданы - шамамен 73,904 км². Оның 1,743 км жағалауы бар және оның шамамен 295.5 км-і жағалық эрозияға ұшырап жатыр.
Сабахтың солтүстігінде елдiң ең биік нүктесі – Кинабалу шыңы (4095 м) орналасқан.
Солтүстік-батысын Оңтүстік Қытай теңізі және солтүстік-шығысын мен оңтүстік – шығысын Сулу мен Сулавеси теңізі шаяды. Олардың жағалауында көптеген майда аралдар мен Маржан жарлауыттар орналасқандықтан кемемен жүк тасуды қиындатады. Үш теңізбен шайылғандығынан штат жерінде көптеген теңіз ресурстары бар.
Штаттың басты аралдарының ішінен Себатикті атайды, оны ел Индонезиямен бірге белiп жатыр. Бұдан басқасының қатарында Банги, Джамбонган, Малавали, Тимбун-Мата мен Бум-Бумды айтып кетуге болады.
Сабахтың ең ұзын және суы ең мол өзен - Кинабатанган (560 км).
Сабах климаты ылғалды, әрқашан ыстық және экваторлық болып келеді. Тауларда климаты оған қарағанда коңыржайлау, және үлкен биіктіктерде ылғалды болады. Жылдық жауын-шашыны 3750 мм-ден (жазықтықта) 5000 мм-ге (тауларда) дейiн өзгеріп тұрады.
1881 жылы Сабах британ протектораты болып кетеді, ол Британ Солтүстiк Борнео Компаниясымен басқарылатын. 1946 жылы британ корона колониясы Британ Солтүстік Борнеосы кұрылады, және 1963 жылы Сабах Малай Федерациясының құрамына кіреді.
Сабах 5 облыстан (аудннан) тұрады.
№ | Облысы | Орталығы | Ауданы, км² |
Халқы, адам. (2006)[2] |
---|---|---|---|---|
1 | Батыс Жағалау облысы | Кота-Кинабалу | 7588 | 954 000 |
2 | Ішкі облысы | Бофорт | 18 298 | 421 000 |
3 | Кудат облысы | Кудат | 4623 | 190 000 |
4 | Сандакан облысы | Сандакан | 28 205 | 676 000 |
5 | Тавау облысы | Тавау | 14 905 | 757 000 |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.