From Wikipedia, the free encyclopedia
Рельс (ағылш. 'raіls, raіl — рельс, лат. 'regular — түзу таяқ, білеу, қада) — белгілі бір пішіні (профилі) бар болат білеуден жасалған прокаттық бұйым.
Ол т. ж. мен метрополитен құрамының, трамвайдың, локомотивтің, кен көлігі мен көтергіш кранның, т.б. қозғалуына арналып жасалады. Алғашқы металл рельс 1767 ж. Ұлыбританияда жасалды. Рельс кен тасу жолдары мен з-т ішіндегі жолдарда пайдаланылды. 19 ғ-дың 2-жартысынан бастап болат рельстер кеңінен қолданыла бастады. Т. ж. рельстері — т. ж-дың үстіңгі құрылысының негізгі элементі. Олар шпал үстіне орнатылады әрі оған бекітіледі. Бір-бірімен біріктірілген рельстер өзара параллель қойылып, рельс жолын құрайды. Қозғалмалы құрам дөңгелектерінің қысымы тікелей рельс жолына түседі. Рельстің бірнеше түрі болады. Стандартты р. пішіні қос таврлы боп келеді. Қолданылатын рельс түрі жолдың жүк тасымалдылығына байланысты. Трамвай рельсі т. ж. рельсіне ұқсас болғанмен пішіні науа тәрізді болып, биіктігі мен көлденең қимасының ауданы үлкен етіп жасалады. Кен көлігі, жылжымалы кран, т.б. бұрылмалы және айналмалы құралымдар мен агрегаттар үшін т. ж. рельстеріне қарағанда жеңілдеу рельстер қолданылады.[1]
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.