From Wikipedia, the free encyclopedia
Көпіршік (лат. alveolus - көпіршік, ұяшық) - іші қуыс, пішіні сопақ немесе қапшық тәрізді құрылым. Көпіршік — өкпеде, кейбір бездердің секрет бөлетін бөлімдерінде (сілекей, сүт, ұйқы бездерінде), тіс ұяшықтарында кездеседі. Өкпенің тыныс алу (респираторлық) бөлімі тым ұсақ альвеолалық ауатамыршадан (бронхиоладан) басталып, альвеолалық өтістер мен қапшықтардан құралған. Аталған құрылымдардың қабырғаларында тым майда өкпе альвеолалары (көпіршіктері) орналасады. Өкпе көпіршігінің қабырғасын екі түрлі тыныс эпителиоциттері (альвеолоциттері) құрайды. Олар: респираторлы альвеолоциттер және ірі альвеолоциттер. Өкпе көпіршігінің қабырғасы негізінен респираторлы альвеолоциттерден құралған. Ал ірі альвеолоциттер респираторлы альвеолоциттердің аралықтарында орналасып, көпіршіктердің ауаға толған ішкі беттерінің бір-біріне жабыспауын қамтамасыз ететін сурфактант деген зат бөліп шығарады. Көпіршіктер аралығындағы қылтамырлармен (капиллярлармен) ағатын вена қаны мен көпіршіктер қуысындағы ауаның арасында газ алмасу процесі жүреді: оттек қанға, ал көмірқышқыл газ ауаға өтеді. Бездер секрет бөлетін бөлімдерін құрайтын көпіршіктер қабырғасын безді эпителиоциттер түзеді.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.