From Wikipedia, the free encyclopedia
Келтешаш (лат. Eleocharis palustris) – қияқөлеңдер тұқымдасының келтебас туысына жататын көп жылдық өсімдік. Биіктігі суда 100-120 см, сай-салада 30-40 см, құрғақ жерде 5-10 см. Сабағы тік, жіңішке (суда өскендерінде жуандау), өзегі жұмсақ, жапырақ өскен буындарында буылтық болмайды. Келтешаш Батыс Еуропа, Монғолия, Солтүстік Америкада, КСРО-ның Еуропа бөлігінде, Кавказда, Батыс және Шығыс Сібірде тереңдігі 30-40 см-ден аспайтын суларда, саз-батпақты жерлерде, көл-көлшік және өзен жағалауларында, ылғалды жайылымдар мен сай-салаларда өседі. Қазақстанда Тобыл, Есіл, Ертіс су атырабында, Ақтөбе облысында, Торғайда, Зайсанда, Алтайда, әсіресе Балқаш маңында көбірек өседі. Келтешаштың шөбі мен пішенін малдың қай түлігі болса да сүйсініп жейді.
Келтешаш | ||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||||||
Eleocharis palustris (L.) Roem. & Schult. | ||||||||||||||||||
Синонимдері | ||||||||||||||||||
|
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.