From Wikipedia, the free encyclopedia
Жөке ағашы (лат. Tilia) – құлқайырлар тұқымдасына жататын жапырақ тастайтын ағаш.
Жөке | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
![]() Tilia tomentosa
| ||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
түрлері | ||||||||||||||
30 түрі белгілі |
Негізінен қоңыржай және субтропик белдеулерде өсетін 50-дей түрі белгілі. Жөке тұқымдасының Қазақстанның барлық жерінде өсетін бір ғана туысы, оның 1 түрі: өзекті жөке (T. cordata) бар. Биіктігі 28 м-дей. Бұтақ шоғыры цилиндр пішіндес, қабығы қара қоңыр, жапырағы дөңгелек, жиектері ара тісті иректі. Ақ сарғыш түсті ұсақ гүлі (5 – 7) хош иісті, қос жынысты. Олар бірігіп шашақ гүлшоғырына топталған. Тұқымы, бұтақшасы, тамыры арқылы көбейеді. Маусым – шілде айында гүлдеп, тамыз – қыркүйекте жемістенеді. Жемісі – жаңғақша. Ол желмен, кейде кеміргіштер және құстар арқылы да таралады. Жөке 150 – 500 жыл жасайды. Жөкенің гүлінен дәрі жасалады және ара бал жинайды, сүрегінен жиїаз, музыкалық аспаптар, ыдыстар, әр түрлі әшекей бұйымдар, тінінен жөке, арқан жіп, тұқымынан май алынады. Алматы қаласындағы Бас ботаникалық бақта Жөкенің Америка Жөкесі, Амур Жөкесі, Кавказ Жөкесі, Манчжур Жөкесі, т.б. түрлері қолдан өсіріледі.[1]
Жөке ағашы – жүрек тәріздес, жиектері ара тісті әдемі жапырақтары бар ағаш. Биіктігі - 30 метрден асады. Жөке ағашы динозаврлар дәуірінен кейін пайда болған. Сол кезден бері көп өзгеріске ұшырамаған. Жөке ағашының табиғи 50-ге жуық , ал будандастырылған 100-ге тарта түрі бар. Өмір сүру ұзақтығы - орта есеппен 300-400 жыл, ал кейбір сұрыптары 1200 жыл өмір сүреді. Жөке ағашы 30 жылдан кейін гүлдей бастайды. Маусым-шілде айларында нәзік, тәтті хош иіс шығарып молынан гүлдейді. Гүлдеу мерзімі 10-15 күнге созылады.
Жөке гүлдерін дәрілік мақсатта қолданады және шай ретінде ішеді. Гүлдерін гүлдеу кезінде жинап алу керек, одан кешірек жинайтын болса, гүлдердің емдік қасиеті төмендейді. Гүлдерінің қайнатпасы мен тұнбасы микробтарды жояды, ісік қайтарады, несеп жүргізеді. Шипа ретінде оны асқазан, ішек жолдары, бауыр, бүйрек, қуық ауруына да қолданып, қайнатпасын күйікке, жараға жағады. Жөке гүлінің тұнбасы шашты бекітеді. Жөке ағашының гүлімен қатар діңінің қабығы, жапырақтары мен дәндері медицинада кеңінен қолданылады. Жөке ағашын құрылыста, жиһаз жасауда, халық шаруашылығы мен медицинада қолданумен қатар, көгалдандыруда да үлкен орын алады. Ерте көктемнен бастап, күздің соңына дейін жайқалып өсіп, жүздеген жылдар бойы бақтың ажарын кіргізіп тұратын көркем ағаш. Бойы биік, алып ағаш болғандықтан, қала көгалдандыруда саябақтарға егеді. Жапырағы мол болғандықтан, ауадағы шаңды жақсы тазартады.
Ылғалды топырақта, ашық күн көзінде және алакөлеңкеде де өсе береді. Жөке ағашы арнайы қырқу жұмыстарын қажет етпейді, алайда көктемде артық бұтақтарын қырқып тұрған дұрыс.
Қалемшелеу арқылы оңай көбейтіледі.
Аулаңызға еккен оны жөн болар,
Жұпар иіс шашып тұрар маңайға.
Зәулім ағаш, ауруға да ем болар,
Сая болар көлеңкесі талайға.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.