From Wikipedia, the free encyclopedia
Екібастұз — Павлодар облысының оңтүстік-батысында орналасқан қала. 1898 жылы негізі қаланып, қала дәрежесін 1957 жылы алды.
Қала | |||
Екібастұз | |||
| |||
Әкімшілігі | |||
---|---|---|---|
Ел | |||
Облысы | |||
Әкімі |
Бейсекин Аян Уахитұлы[1] | ||
Тарихы мен географиясы | |||
Координаттары |
51°43′ с. е. 75°19′ ш. б.51.717° с. е. 75.317° ш. б. (G) (O) (Я) | ||
Құрылған уақыты |
1898 | ||
Алғашқы дерек | |||
Бұрынғы атаулары |
Екібастұзуголь | ||
Қала статусы |
1957 | ||
Жер аумағы |
45 км² | ||
Биiктiкгі |
347 м | ||
Климаты |
шұғыл континенті | ||
Уақыт белдеуі | |||
Тұрғындары | |||
Тұрғыны |
128 981[2] адам (2023) | ||
Ұлттық құрамы |
қазақтар 59,12 % | ||
Этнохороним |
екібастұздық, екібастұздықтар | ||
Сандық идентификаторлары | |||
Телефон коды |
+7 7187 | ||
Пошта индекстері |
141200—141209 | ||
Автомобиль коды | |||
Екібастұз қаласының әкімдігі | |||
Екібастұз шекарасы
| |||
Ортаққордағы санаты: Екібастұз |
Осы өңірде тас көмір кені ашылғанға дейін, оның күншығыс жағында жатқан тұзды көл ерте заманнан бері «Екібастұз» деп мұрағаттық құжаттардан белгілі. Осыған байланысты кейін бұл жерден табылған тас көмір кені де, оның жанына орнаған қалашық пен қала да «Екібастұз» деп аталады.
Екібастұз қаласы өзінің жастығына қарамастан теңдесі жоқ алып кәсіпорындарымен бүкіл әлемге танымал болып отыр. Қысқа ғана мерзім ішінде Қазақстанның «қара алтынды» жерінде пайда болған қала біздің замандастарымыз үшін аты аңызға айналған қала болып отыр. Тек қана Екібастұзда тұңғыш рет Қазақстанда көптеген алдыңғы қатарлы технология өмірге келді, жаңа үлгідегі құрал-жабдықтар зерттелді.
Екібастұз қаласы - кеншілер мен энергетиктердің мақтанышы. Қала орасан зор, әлемдегі бай тас көмірімен танылып отыр. №1, 2-МАЭС- тердің іске қосылуы арқасында Екібастұз жылу энергетикалық кешенінің ірі орталығы болып отыр. Бүгінгі таңда үш бірдей – «Богатырь», «Солтүстік» және «Шығыс» кеніштерінде көмір өндіріледі. Екібастұз көмірі Қазақстанның, Орал, мен Батыс Сібірдің электр станцияларының жұмыстарын үздіксіз қамтамасыз етіп отыр. Қала тек географиялық орнымен ғана емес,сонымен қатар тарихи ерекшелігіне байланысты қалыптасты. Екібастұз көмірі мен электр қуаты бүкіл аймақтың кәсіпорындар: Павлодар химия, мұнай өңдеу, алюминий, трактор, Ақсу ферроқорытпа зауыттары - Екібастұздағы «қара алтынның» арқасында өркендеп отыр. Сондай-ақ Екібастұз көмірі Қазақстан мен Ресейдің арасын жалғастырушы буын болып табылады. «Шығыс» кеніші - әлемдік тәжірибеде тұңғыш рет бейімделген көмір қабаты жағдайында көлденең жатқан шектеулі қуатымен жобаланды және көмір шығарудың жаңа технологиясын енгізді.
Тұрғындар саны — 128 981 адам, ал бірнеше ауылдық аймақтарындағы тұрғындарымен қоса 145 491 адам (1 қаңтар 2023 жылғы санақ бойынша).
Ұлттық құрамы (1 қаңтар 2019 ж. бойынша)[4]:
2009 | 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Ерлер 2009 | Ерлер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Әйелдер 2009 | Әйелдер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен |
---|---|---|---|---|---|---|---|---|
125012 | ▲129748 | 103,8 | 58951 | ▲61974 | 105,1 | 66061 | ▲67774 | 102,6 |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.