From Wikipedia, the free encyclopedia
Аюбалдырған , сыбызғы қурай (лат. Angelica) – шатыршагүлділер тұқымдасына жататын формасы шатырша келетін гүлшоғырының диаметрі 25 сантиметрге дейін жететін көпжылдық және екіжылдық балдырған сияқты өсімдік.
Аюбалдырған | ||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
орман аюбалдырғаны
| ||||||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||
түрлері | ||||||||||||||||||
50 түрі белгілі |
Ерекше иісі бар, жемісінен эфир майы мен сұйық май шығады. Негізінен Солтүстік жарты шарда өсетін 10-нан аса түрі белгілі. Қазақстанда Алтай, Жетісу (Жоңғар), Іле, Күнгей, Теріскей Алатауларында, Кетпен (Ұзынқара), Батыс Тянь-Шань тауларының орта белдеулеріндегі өзен-көл, бұлақ, жылғалар бойында өседі. Қазақстанда 2 түрі: шоқсары аюбалдырғаны (A. decurrens) және қысқа сабақты аюбалдырған (A. brevіcaulіs) деп аталатын 2 түрі кездеседі. Бұлардың биікт. 1–2 м-дей, қырлы, қатты, қуыс сабағының жуандығы 5–6 см. Жапырақтары ірі, қауырсын тәрізденіп тілімденген. Шатыршалары көп гүлді, көлденеңі 20 см-дей болады. Гүлдері ақ, қызғылт сары, жасыл түсті келеді. Тамыз айында гүлдеп, қыркүйекте жеміс береді. Аюбалдырған – азықтық, дәрілік, бояуыш, әсемдік және шірнелі өсімдік. Сүрлемге салуға болады. Құрамында эфир майы көп болғандықтан кондитер, парфюмерия, ликер-арақ өндірісінде пайдаланылады.[1][2]
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.