Дене тұрқы 12-30 см, басы бауырына қарай имек және жанына қарай сәл қисайған. Құйрығының ұш жағы қошқар мүйіз тәрізді иірілген және онымен Ат-балық су өсімдіктерін орап алып, бекініп тұрады.
Түсі қызыл-сұр, бауыры ақ не қоңыр, кейде көк теңбілді не жолақты. Пішіні ерекше, балықтан гөрі шахмат ойынындағы “атқа” ұқсайды. Ат-балықтың еркегінің құйрығы басталған жерінде, бауыр жағында қапшығы болады. Уылдырығын аналығы аталығының қалтасына салады. Уылдырықтар аталықтың денесінде өсіп-жетіліп, дүниеге келеді. Атбас балық - аталығы “бала туатын” жер бетіндегі бірден-бір жануар.
Уылдырық салатын қалтасы құйрық астында орналасқан, ол жабық тұрады. Қалтаның алдыңғы бөлігінде уылдырық салатын кішкентай саңылау болады.
Көрегі - су планктоны.
Таралуы
Ат-балықтар көптеген жылы тропиктік және субтропиктік теңіз жағалауында кездеседі.