From Wikipedia, the free encyclopedia
Антуриум (лат. Anthurium) – шаяноттар тұқымдасының 113 тегінің бірі. Антуриумды әркім әрқалай атайды, мысалы «махаббат гүлі», «ер азаматтардың бақыты» сияқты атаулар да берген.
Антуриум | ||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Anthurium sp.
| ||||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||
| ||||||||||||||||
түрлері | ||||||||||||||||
1000 түрі белгілі |
Антуриум (ер бақыты) – күтімді қажет ететін гүл. Ең бастысы бұл гүлді тікелей күн көзінің түсуінен сақтап, көлеңке жерде ұстағаныңыз жөн. Ылғалдылықты жақсы көретін «еркектер» гүлінің айналасын күніне екі рет сумен бүркіп тұру керек. Ескеретін жәйт, бүркіген су тамшылары гүлдің жапырағына тимегені абзал. «Еркектің бақыты» гүлін жаз айларында үш-төрт күнде бір рет суғару керек. Ал қыс мезгілінде аптасына бір рет суғарсаңыз жеткілікті. Егу және көбейту әдісі: жылына бір-ақ рет, көктемде ауыстырып отырғызуға болады. Гүлдеп тұрған еркек бақытының шоқ бұтасын екіге бөлу арқылы көбейтуге болады. Күтімі жақсы гүл 3 жыл өмір сүреді. Одан кейін жапырағы мен гүлі сарғайып, солады.
Бойының биіктігі түрлеріне қарай 2 метрге дейін болады. Бір антуриум 5-6 гүлге дейін шығарады.
Антуриум өзінің әдемі гүлдерімен ерекше бағаланады. Гүлдерінің түсі ақ, қызыл және жылтыр күлгін болады. Дәл ортасынан ұзыншақ негізгі гүлкүлтесі шығады. Антуриумның негізгі гүлі осы ортасындағы гүлкүлтесі, ол ұсақ бірнеше гүлдерден құралады. Гүлдерінің астындағы қосымша гүлдері шар тәрізді, жиектері сыртқа қарай қайырылып тұрғандай көрініс береді. Олардың диаметрі 10-20 см.
Жапырақтарының ұзындығы 30-40 см, жүректің пішініне ұқсайды.
Негізінен антуриумның 800-ге жуық түрлері белгілі. Отаны – Оңтүстік Американың тропиктік аймақтары.
Антуриум флорашылардың сүйікті гүліне айналған. Себебі, ол гүлшоғырларында ұзақ уақыт солмай тұрады, түстері әр алуан. Егер антуриум гүлін үйде өсіргіңіз келсе, оған лайықты орын тапқаныңыз дұрыс.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.